Жаңалықтар

Конференцияның баспасөз орталығы ашылд


Бүгін «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының «Мектеп әлемін өзгертетін ұстаздар» ХI халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясының баспасөз орталығы ашылды.

Конференцияда жұмыс істеу үшін барлық дерлік орталық телеарналардың, ірі ақпараттық агенттіктердің, республикалық газеттердің, сондай-ақ білім беру саласында маманданған сайттар мен порталдардың журналистері аккридеттеуден өтті.

NIS Facebook-тің ресми парақшасында конференция күнделігі ашылады, онда пленарлық және секциялық отырыстар, симпозиумдар мен семинарлар, қолтаңба және постер сессиялары, жиналыстар, көрмелер және басқа да іс-шаралар туралы жаңалықтар ұсынылады. Отандық оқытушылар мен шетелдік делегаттарымен «Конференцияның жүз есімі» дәстүрлі айдары таныстырады.

 



Қаралым: 89
Жарияланған: 23 Қазан