Жаңалықтар

Семейлік мектептегі қарағай күні


Семей қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі аулаға 300 түп қарағай көшетін отырғызды. Шараға ат салысқан "Семей орманы" мемлекеттік орман табиғи резерваты ММ  «Жаңа Семей» филиалының қызметкерлері оқушыларға қарағай көшеттерін отырғызу технологиясын үйретіп, жасыл желекті орманды сақтау жолында атқарылып жатқан шаруалардан хабардар етті.  

– Мектеп ауласына қарағай көшеттерін отырғызу идеясы – «NIS Teacher Volunteers» желілік клубына тиесілі. Клуб жақында ғана құрылып, өз жұмысын енді ғана бастаса да, құрамына Ақтөбе, Алматы, Шымкент, Тараз, Петропавл, Семей қалаларындағы Зияткерлік мектептердің 45 ұстазын біріктіріп үлгерді. Басты мақсат – оқушылардың еріктілер жұмысына қатыстырып, олардың  белсенді азаматтығын  дамыту, – дейді «NIS Teacher Volunteers» желілік клубының жетекшісі Жазира Құрманова.

Көшет отырғызуға  мектеп директоры Бағдан Қайыржанов та қатысып, алдағы уақытта да бұл жұмыстардың жалғаса беретіндігін атап өтті. Сонымен қатар, ол көшетті отырғызып қана қоймай, оны күтіп-баптап өсірудің маңызды екендігін айтты.  

– Елімізде «Жалпықазақстандық орман отырғызу күні» басталды. Акцияның жоғары деңгейде өтуіне көмек қолын созған Зияткерлік мектеп басшылығына, мұғалімдер ұжымы мен оқушыларға үлкен алғысымызды білдіреміз, – деді "Семей орманы" мемлекеттік орман табиғи резерваты ММ «Жаңа Семей» филиалы директорының орынбасары Сымбат Ағламбеков.

 

          

 



Қаралым: 59
Жарияланған: 18 Қазан