Жаңалықтар

NIS кіші жобалық кеңсесі түркияда таныстырылды


Назарбаев Зияткерлік мектептерінің бірегей тәжірибесі Түркияда таныстырылады. Бұл Атырау облысы «Рухани жаңғыру» кеңсесі өкілдерінің Түркияның Анкара және Конья қалаларына іс-сапары барысында белгілі болды.

2018 жылдан бастап Атырау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде Тұңғыш Президенттің «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласындағы тапсырмаларды жүзеге асыру үшін «Рухани жаңғыру» кіші жобалық кеңсесі жұмыс жасап келеді. Ол аймақтағы білім беру ұйымдарына жаңартылған білім беру мазмұнын енгізуде әдістемелік және әдіснамалық қолдауды көрсетуге бағытталған.

Қазақстан делегациясы Хажы Байрам атындағы университетте «Түркі тілдес халықтарының тілдері» факультетіндегі студенттер және оқытушылармен кездесті. Түркия тарапы мектептегі «Рухани жаңғыру» кіші жобалық кеңсесінің жұмысына зор қызығушылық танытты.

Қазақстаннан арнайы әкелінген кәдесыйлар арасында Назарбаев Зияткерлік мектебінің түлегі Сандуғаш Мырзағалидің тоқыған кілемі түрік жұртын тамсандырды.

– Алғаш рет бұл университетте Қазақстанның мәдени мұрасына арналған бұрыштың пайда болатыны бізді қуантып отыр, – деді аймақтық «Рухани жанғыру» жобалық кеңсесінің жетекшісі Орынтай Биманова.

Кездесу соңында түрік өкілдері Назарбаев Зияткерлік мектептерінің тәжірибесін Түркияда таратуға қызығушылық танытты.

 

 

 



Қаралым: 75
Жарияланған: 17 Қазан