Жаңалықтар

Югра делегациясы NIS білім беру бағдарламасымен танысты


Нұр-Сұлтан қаласында «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы мен Югра Ханты-Мансийск автономиялық округінің білім және жастар саясаты бөлімі арасында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.

2020 жылы Ресейдің білім саласына қазақстандық зияткерлік технологияларды енгізу басталады. Мектептердегі ғылыми-зерттеу жұмыстарын, сондай-ақ мектеп басшылары мен мұғалімдер пулын даярлау жобаларын жүзеге асыру сынды бірлескен жобаларды жүзеге асыру жоспарлануда.

– Біз Назарбаев Зияткерлік мектептерінің білім беру бағдарламасын және оқушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың жаңа жүйесін енгізудегі тәжірибені зерделеп, бейімдеуге ниеттіміз», – деді Югра делегациясының жетекшісі, департамент директоры Алексей Дренин.

Ресейлік педагогтар қазақстандық әріптестерінің  Зияткерлік мектептердегі білім бағдарламаларының бағыттарына және оқу-тәрбие процесінің ерекшеліктеріне, білім беру ресурстары және ұстаздарды әдістемелік қолдау бойынша жүйелі әдістемелік кешен онлайн-платформасы мен «Білім беру 2030» ОЭСР жобасына қатысу және зерттеу жұмысы сынды бағыттарға басты назар аударды.

Педагогикалық шеберлік орталығында ресейлік делегация біліктілікті арттыру бағдарламаларымен, оның ішінде жаттықтырушылар құрамын кәсіби дайындау және біліктіліктерін арттыру, оқытушыларды курстан кейін қолдау және «Lesson Study Kazakhstan» жобаларымен танысты.

Орталықтар мен елорда мектептерін аралау кезінде Алексей Дренин Назарбаев Зияткерлік мектептерінің тәжірибесі мен білім беру стандарттарының өте жақсы екендігін мойындады.

Ресейлік делегацияны қазақстандық әріптестері әзірлеген оқу материалдары ерекше қызықтырды.

 

 

 

 

 

 

 



Қаралым: 34
Жарияланған: 08 Қазан