Жаңалықтар

Зияткер ұстаздар Президенттің алғыс хатымен марапатталды


     Ұстаздар күнінде Назарбаев Зияткерлік мектептерінің үш педагогы Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Алғыс хатымен марапатталды.

     Құттықтауды кәсіби мерекелерінде Астана қаласындағы аталмыш мектептің қазақ тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі әрі директордың орынбасары Рамазан Оспанов, математика пәнінен сабақ беретін атыраулық педагог Жаңлыш Әділғалиева және Алматы қаласындағы физика-математика бағытындағы мектептің физика пәнінің мұғалімі Қалдархан Жұмаділлаев қабыл алды. Марапатқа ие болған үш ұстаз да білім саласында жетістікке жеткен, тәжірибелері 30 жылдан асатын білікті мамандар.

     «Ұрпақ санасына білім сәулесін құйып, мемлекет болашағы саналатын жастардың білікті маман болып қалыптасуына қосып жатқан елеулі еңбектеріңізге зор алғыс білдіремін. Деніңізге саулық, кәсібіңізге береке мен сәттілік тілеймін. Шәкірттеріңіз Сізді өз жеңістерімен қуанта берсін», – делінген мемлекет басшысының жолдаған құттықтау хатында.

 

 

 

 



Қаралым: 38
Жарияланған: 07 Қазан