Жаңалықтар

NIS-тың еуропалық контекстегі зерттеу тәжірибесі


Талдықорғанның Зияткерлік мектебіндегі Назгүл Шаймерденова мен Надежда Пономарева үшін жаңа оқу жылы ECER (Білім беру саласындағы зерттеушілердің еуропалық конференциясы) конференциясына қатысудан басталды. Олар бұл сапарға грантты әлемнің түрлі еліндегі перспективалық зерттеушілерді белсенді қолдайтын Европа зерттеушілер қауымдастығының бір топ жас ғалымдар тобының стипендиаттары ретінде алған болатын. Назгүлдің баяндамасы педагогтардың кәсіби дамуындағы өзекті бағыттар саналатын тәлімгерлік жүйе мен мұғалімдердің ынтымақтастығына арналды. Надежда Пономарева Гамбург қаласына мұғалімдердің инклюзивті тәжірибелерді жүзеге асыруға дайындығы мен қарым-қатынасы тақырыбындағы этнографиялық зерттеуін алып келді.
 
Гамбургтегі ECER конференциясында NIS-тың өзге де өкілдері сөз сөйледі: Қызылорда қаласындағы зияткерлік мектеп директорының орынбасары Ақбота Мамадияр, бір топ мұғалімдер – Нұрсұлтан Жақыпов (Павлодар), Шынар Шерубаева, Нұрзада Ермағамбетова, Алтын Келімбердиева, Марал Құрмамбаева (Ақтау), Инна Аксенова және Инна Богучарская (Тараз), сонымен қатар, зерттеулер департаментінің менеджері Ксения Тұрсынбаева. Олардың барлығы заманауи білім берудегі Lesson Study саласы, NIS Program және CIE A level бағдарламасының салыстырмалы талдауы, білім алушылардың оқу сауаттылығының дамуы, жобалау қызметі және басқа да өзекті басымдылықтар бойынша жекелеген тәжірибелерімен бөлісті. Шетелдік әріптестер Назарбаев Зияткерлік мектептері педагогтарының зерттеу жұмысының жоғары деңгейін атап өтті.
 
ECER конференциясы биылғы жылы қатысушыладың рекордтық санын - бүкіл әлемнен 3000-ға жуық зерттеушілерді жинады. Сан ғасырлық тарихы бар әйгілі Гамбург университетінің қабырғасында «Білім беру тәуекел дәуірінде – болашақ үшін білім беру зерттеулерінің рөлі» талқыланды және талданды. Конференция делегаттарының басты әсері – әлемдік білім беру мәселелерінің ортақтығы және әдістемелердің, зерттеу жобаларының тақырыптары мен бағыттарының әртүрлілігі болды.


Қаралым: 63
Жарияланған: 18 Қырқүйек