Жаңалықтар

«Ұлағатты ұстазға, ыстық ықыласпен!»


«Ұлағатты ұстазға, ыстық ықыласпен!» жаңа әлеуметтік жоба аясында кез-келген оқушы өзінің сүйікті мұғаліміне немесе білім алған алтын ұя мектебіне ризашылығын білдіріп ерекше сыйлық жасауына болады. Бұл – білім саласындағы «Бiлiмдi ел – Образованная страна» республикалық газетінің бір жылдық жазылымы.   

Идея алғаш рет Нұр-Сұлтан қаласында ұйымдастырылған «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының биылғы тамыз конференциясында айтылған болатын. «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Басқармасының төрайымы Күләш Шәмшидинова сүйікті ұстаздары мен еліміздің аумағындағы бір топ ардагер педагогтерге бір жылдық жазылымды тарту ететіндігін жариялады. Күләш Ноғатайқызының бұл эстафетасын бүгінгі таңда Зияткерлік мектептер  ұжымы  ғана емес барша жұртшылық жалғастыруда. Игі бастама Сенат депутаты Еділ Мамытбеков, Қазақстанның экологиялық ұйымдар қауымдасты төрайымы  Айгүл Соловьева, ҚР Білім және ғылым министрінің балалардың құқығын қорғау сұрақтары бойынша кеңесшісі Раиса Шер,  Kazdidac  қауымдастығы Басқармасының төрағасы Валерий Лебедев,  ҚР Білім және ғылым министрлігі жанындағы Жас ғалымдар Кеңесінің төрағасы Мақсат Жабағин сынды елімізге танымал тұлғалар мен апталық басылымның қарапайым оқырмандары тарапынан қолдау тапты.

Республикалық эстафета туралы ақпаратты – «Бiлiмдi ел – Образованная страна» республикалық газеті мен апталықтың bilimdinews.kz ақпараттық порталынан анықтауға болады.

Газет туралы мағлұмат:                    

«Бiлiмдi ел – Образованная страна» білімгерлерге арналған қоғамдық-саяси республикалық газеті 2015  жылдан бері жарық көруде. Материалдар  қазақ тілінде және орыс тілінде қатар жарияланады. Басылу мерзімділігі: апталық, бір айда төрт рет,  әр аптаның сейсенбі күні. Формат: А-3 форматында, беттер саны – 16, 24, 32.

Жазылу науқаны – 2020

Республикалық газет пен журналдар тіркелген каталог бойынша жазылу индексі – 64603. Бір данаға бір жылдық жазылым бағасы биыл:

қалалар бойынша – 8 175,6 теңге,

ауылдық елді-мекендер үшін – 8 382 теңгені құрайды.  

Жазылу науқаны 2019 жылғы қазан айының 10-ынан басталады Жазылушылар «Қазпошта» акционерлік қоғамы мен «Астана Пресса» (Нұр-Сұлтан қаласы), «Эврика Пресс» (Алматы қаласы), «ERNUR-press» (Шымкент қаласы) жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерінің аймақтардағы кез-келген жақын маңайдағы филиалына барып, төлем жасау арқылы ресми түрде рәсімдеуге болады.

Сондай-ақ газеттің редакциясы арқылы да жазылым жасауға мүмкіндік бар. Төлемді KASPI GOLD 5169 4971 4734 8803 катасына жіберіп, кімнің атына толтырылғаны (толық аты-жөні мен тегі, пошталық мекен-жай) жөніндегі түбіртек пен төлем жасалғаны туралы чектің скриншоты (міндетті түрде) мына электрондық поштаға podpiskabilim@mail.ru жолдануы қажет. Қосымша анықтама алу үшін 8 777 446 29 35 ұялы телефонына хабарласуға болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 



Қаралым: 79
Жарияланған: 17 Қырқүйек