Жаңалықтар

NIS-тың WALS 2019-тағы жетістігі


 Назарбаев Зияткерлік мектептерінің отыздан астам өкілі Амстердамда (Нидерланд) өткен қыркүйектік WALS конференциясының мінберінде сөйледі.

Бүкіләлемдік зерттеу сабақтары ассоциасының (WALS) дәстүрлі конференциясының биылғы саны «оқыту мен оқуға арналған тұрақты педагогика құру» тақырыбына арналды. WALS 2019-дың биылғы  ұйымдастырушылары – Нидерландтың мектеп мұғалімдерін дайындайтын жетекші үш оқу ордасы саналатын Амстердам, Гронинген және Утрехт университеттері.

WALS Президенті Пит Дадлидің (Ұлыбритания) құттықтау сөзі барша делегаттарды жігерлендірді, ол сабақты зерттеудің білім беру қауымдастықтары үшін маңыздылығын атап өтті.

Конференцияның бас  спикерлері мен құрметті қонақтары Кэтрин Льюис, Акиба Мотоко (АҚШ), Монике Уоллман, Мартин Миттер (Нидерланды), Джон Элиот (Ұлыбритания), Тошио Чичибу, Хироюки Куно (Жапония) –ның бөліскен ойлары мен тақырыптары конференция қатысушыларының қызығушылығын тудырды. Олар әртүрлі білім беру құрылымдарында сабақты зерттеуді қолданудың тиімділігі мен негізділігі туралы дәлелдер келтірді, мұғалімдерге білім беру саласындағы зерттеушілермен ынтымақтастықты дамытуға мүмкіндік беретін Lesson Study-дің мектепті үздіксіз жетілдіру құралы екендігін де атап өтті.

Зияткерлік мектеп педагогтарының баяндамаларында оқушылардың аналитикалық қабілеттерін дамытудағы, оқытудағы модельдеудегі, оқуды саралау, сабақты зерттеу арқылы педагогикалық қоғамдастықтың даму стратегиясындағы сәтті тәжірибелерге талдау жасалды. Зияткерлік мектеп педагогтарының барлық баяндамалары шетелдік әріптестерінің  қызығушылығын тудырды. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Жадыра Сейсембаева, химия мұғалімі Дана Қасымбаева, ағылшын тілі мұғалімі Татьяна Машинец, Астана қаласындағы Зияткерлік мектептің математика мұғалімі Қарлығаш Джарбулова Lesson Study бойынша өзінің зерттеу тәжірибесімен бөлісті: жас мұғалімнің кәсіби дамуы;  химия сабақтарында оқытуды жақсарту тәсілі ретінде;  сонымен қатар Халықаралық бакалавриат бағдарламасы және мегаогогнитивті дағдыларды дамыту стратегиясы аясын дамыту тұстары. Қызылорда қаласындағы Зияткерлік мектептің информатика мұғалімі Наталья Ким АКТ- технологиясын қолдану, аналитикалық машықтарды дамыту жайын айтса, Ақтау қаласынан келген биология мұғалімі Гүлжан Нүсіпжанова биологиялық процесстер мен ұғымдарды ассимиляциялаудағы модельдеудің рөлі тақырыбына тоқталды. Адами ресурстарды басқару департаментінің аға менеджері Ирина Мадеева Назарбаев Зияткерлік мектептерінің кәсіби даму стратегиясы ретінде сабақтар мен тәжірибелік зерттеулердегі жинақталған тәжірибесін ұсынды.

 

 



Қаралым: 125
Жарияланған: 11 Қырқүйек