Жаңалықтар

Педагогикалық шеберлік орталығының Нью-Йорктен қанжығалаған алтыны


«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығының бағдарламаларды жүзеге асыру сапасы басқармасының кітабы мониторингтік зерттеулер негізінде алтын медальға лайық деп танылып, BookExpo America 2019 халықаралық беделге ие көрменің сертификатына ие болды. 

Кітапты құрастырушы, педагогика ғылымдарының кандидаты, орталықтың  аға менеджері Ирина Аушева мүшелік ететін  Ресей жаратылыстану академиясы Нью-Йоркте Қазақстандық орталықтың ақпараттық-сараптамалық жинағын көпшілікке ұсынды.  

BookExpo-да, Америка кітап шығарушыларының жылсайынғы  дәстүрлі форумында РАЕ барлық ТМД елдерінен үздік оқулықтар мен ғылыми-әдістемелік материалдардың кеңейтілген экспозисиясын ұсынды. Әйгілі Jacob K.Javits convention center of New York көрме орталығында әлемнің 60 мемлекетінен жиналған табысты баспагерлер қатысты.

Hong Kong Book Fair 2019 халықаралық 30-шы көрмесінде Ресей жаратылыстану акдемиясы Педагогикалық шеберлік орталығының кітаптарын ұсынды. Атақты Hong Kong Convention and Exhibition Centre ЭКСПО орталығында білім беру және баспа саласының бір миллионнан астам маманы болды.

Ирина Аушеваның кітабы Педагогикалық шеберлік орталығының алтын топтамасын табысты жалғастырды. Үш жыл бұрын аталмыш орталық  баспа  жобалары Франкфурт-на-Майне және Мәскеу қалаларында өткен халықаралық көрмелерде жоғары наградалармен көзге түскен болатын.

Педагогикалық шеберлік орталығы  оқыту мен білім беру, көшбасшылық және басқару мәселелері бойынша еліміз бен шет мемлекеттерде сұранысқа ие 350-ден астам әдістемелік құрал шығарды.

 

 

 



Қаралым: 140
Жарияланған: 06 Қырқүйек