Жаңалықтар

Табысты тәжірибе панорамасы


Тамыз конференциясында алғаш рет Зияткерлік мектептердің  ең табысты тәжірибелер панорамасы таныстырылды.

НЗМ жүйесіндегі жалғыз мұғалім – мастері Сергей Полянских мен оның әріптесі Хаджымұрат Нұрсұлтан Алматы қаласы ФМБ мектептің «Олимпиадалық резерв мектебі» жобасын ұсынды. Ал елордалық ФМБ білім ордасы «100 күй» шығармашылық есебін дайындады. Алматылықтар «Ынтымақтастық + зерттеу + мен = табыс» мотивациялық жобасы туралы айтты. Талдықорғандық жоба жас маманның біліктілігін арттыруға, Тараз жобасы – STEAM, петропавлдықтардың жұмысы студенттік парламентке арналды. Шымкент қаласы ХББ мектеп «Креативті самғау» шығармашылық идеялар фестивалін, ал семейліктер «Шығармашылық сенбі» фестивалін дайындады. Ақтау мектебі «Caspian startup: жастардың кәсіпкерлікке деген қызығушылығын дамыту, инновациялық идеяларды іздеу» жобасын таныстырса, Қызылорда Зияткерлік мектебі «Бүгін оқырман, ертең көшбасшы» атты жобасы барлық мұғалімдердің қызығушылығын тудырды. Көкшетаулықтар «арнайы пәндер сабағындағы Hard CLIL» жұмысын, Ақтөбе – «Үйрен – бөліс », Қостанай – «Әлем көз алдыңда » жобаларын ұсынды. Қарағанды ​​мектебі «Оқушы – оқушыға: әлеуметтік жобалар арқылы көшбасшылыққа» жобасын таныстырды. Балнұр Көшкінбаева елордалық Халықаралық Бакалавриат мектебінің атынан «Дизайн «ЦИКЛ»» жұмысын ұсынды. Ал оның әріптестері жобаларын тілді тиімді үйренудің фазалық дизайнына арнаған. Оралдықтар конференцияның барлық қатысушыларын қызықтырған «7-ші сынып оқушыларының жеке даму траекториясы» жобасын ұсынды. Атыраулықтар  болса, мектеп желілік қоғамдастығының оқу мәдениетін дамыту туралы айтты. Астана халықаралық мектебі жас қаламгерлерге  арналған «Жас жазушылар» ерекше жобасын ұсынды.

Жалпы жобалар байқауында үшінші орынды ХББ Шымкент қаласы Назарбаев Зияткерлік  мектебінің «Оқушының үйлесімді дамуы үшін не қажет?» атты шығармашылық есебі алды. Ал Павлодарлық «PSOP: сәттіліктің жеті компоненті» жобасы барлық мұғалімдердің үлкен қызығушылығын тудырды. Жеңімпаз деп «Зияткерлік мектеп оқушысының кәсіби гиді» жобасын дайындаған Біржан Сапуанов, Әмре Еркін, Төлеген Берікболов танылып, жеңісті Өскемен Зияткерлік мектебіне әкетті. 

 



Қаралым: 71
Жарияланған: 20 Тамыз