Жаңалықтар

Конференцияның қаһарманы – мұғалім – мастер Сергей Полянских


Тамыз кеңесінің басты оқиғаларының бірі Сергей Полянскихке «Мұғалім – мастер» төсбелгісінің салтанатты табысталуы болды.

Сергей Полянских – Зияткерлік мектептер жүйесінде кәсіби шеберлігі үшін ең жоғары марапатқа ие болған тұңғыш педагог. Талдықорғандағы НЗМ-де ашылған күннен бастап қызмет еткен ол, соңғы жылы – Алматыдағы физика-математикалық бағыттағы мектепте математика пәнінің мұғалімі, Қазақ-Британ техникалық университетінің түлегі, отандық олимпиадалық қозғалыстың көшбасшыларының бірі.

NIS ұжымының атынан Серей Сергеевичті кәсіби жеңісімен құттықтаған Күләш Ноғатайқызы «мастер» деңгейіне лайық ұстаздардың саны жыл сайын өсетініне сенім білдірді.

 



Қаралым: 47
Жарияланған: 19 Тамыз