Жаңалықтар

Рреспубликалық форумының 30 пилоттық мектеп педагогтарына арналған секциялық мәжілісі өтті


2019 жылы еліміздің 30 пилоттық мектептерінде бастауыш мектептің жаңартылған білім беру мазмұнының оқу бағдарламаларын сынақтан өткізуі аяқталды.

2019 жылдың 13-14 тамызында «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Қазақстан Республикасының Білім және ғылым республикалық форумы шеңберінде 30 пилоттық мектептердің директорларына, орынбасарларына және мұғалімдеріне арналған секциялық мәжілісі өткізілді. Іс-шараға барлығы 210 адам қатысты.

Секция мәжілісінің барысында бастауыш мектептің жаңартылған білім беру мазмұнының оқу бағдарламаларын апробациялау қорытындысы шығарылды: оқу бағдарламаларын жүзеге асыруы, критериалды бағалау жүйесін енгізуі, педагогтардың кәсіби дамуы, оқушылардың диагностикалық тестілеу нәтижелері талқыланды, сондай-ақ алдағы жұмыс жоспары анықталды.

Секция жұмысының бірінші күні 2019 жылы 26-27 тамызда еліміздің әр облысында өтетін жалпы білім беретін мектептердің 4-сынып мұғалімдері үшін өңірлік секциялық отырыстарды өткізу үшін 39 оқыту іс-шаралары (семинарлар, тренингтер, мастер-кластар) өткізілді. Осы секциялық отырыстарда пилотты мектептердің мұғалімдері Педагогикалық шеберлігі орталығының жаттықтырушыларымен және Назарбаев Зияткерлік мектептері педагогтарымен бірлесіп командада жұмыс атқарады.

Секцияның екінші күнінде қатысушылар әріптестеріне апробация барысында үйренген үздік педагогикалық тәжірибелердін панорамасын ұсынды. Онда командада жұмыс істеу дағдыларын, креативті ойлау қабілетін, ақпаратты қолжетімді және сапалы ұсыну қабілеттерін көрсетті.

Фасилитацияланған сессияда пилоттық жобадағы 4 жылдық жұмыстың нәтижелері талданып, оның мектеп ұжымының кәсіби дамуына және әрбір педагогтың шығармашылық өсуіне қандай әсер бергені айтылды.

Ұйымдастырылған көрме-сатылымда ДББҰ-ның білім беру бағдарламалары, педагогикалық шеберлік орталықтарының мамандары әзірлеген әдістемелік материалдар ұсынылды.

Арнайы ақпараттық-білім беру аймағында секция отырысына қатысушыларға 4,9,10-шы сыныптардың жаңартылған білім беру мазмұнының барлық пәндерінен әдістемелік материалдарды көшіріп алуға мүмкіндігі ұсынылды.

2 күн ішінде пилоттық мектеп педагогтарына 41 оқыту іс-шаралары өткізілді.



Қаралым: 55
Жарияланған: 15 Тамыз