Жаңалықтар

«Ұлы дала ұрпағы»


Бүгін Нұр-Сұлтанда «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы алғаш рет шетелдік қазақ диаспорасының балаларына арнап «Ұлы дала ұрпағы» жазғы мектебін ашты. Елордаға Ресей, Иран, Монғолия, Түркіменстан, Тәжікстан, Өзбекстан мен Қырғызстан елдеріндегі қазақ диаспорасынан 150 өкілі келеді. Екі апталық жазғы мектептің бағдарламасында туған тілді, Қазақстан тарихын, қазақ халқының салты мен дәстүрін оқу көзделген.

Қатысушылар Нұр-Сұлтанның негізгі айшықты орындарын – ЭКСПО орталығын, Бәйтерек монументін, Тұңғыш Президент кітапханасын, «Әзірет Сұтан» мешітін, Астана Балет театрын, «Мәңгілік ел» Триумфалдық аркасы, Қазмедиа орталығын, Тұңғыш Президент кітапханасын, елорданың басқа да танымал нысандарын көреді.. Оқушылар «Бурабай» мемлекеттік ұлттық саябағы, Бозоқ қалашығы, «Родина» агрофирмасы, Аққайың орман питомнигіне саяхат жасауды көздеп отыр. Ұлттық мұражайда тарих пәнінен «Ұлы даланың жеті қыры» атты ашық сабағы өтеді. Қазақстан Ғарыш Сапарында оқушылар «Байқоңыр» ғарыш айлағының тарихымен танысады. Aтамекен этно-мемориалдық кешенінде жас қонақтар үшін еліміздің киелі таңбалары туралы арнайы экскурсия жоспарлануда. География және жаһандық перспективалар пәніндегі басты тақырып – қазақ халқы үшін Ұлы Жібек Жолының маңыздылығы болмақ. Оқушылар елорданың Назарбаев Университеті, Л.Гумилев атындағы Еуразия университеті, С.Сейфуллин Аграрлық университет сынды атақты ЖОО көріп, танысуды асыға күтуде.

Ұлттық аспаптарда ойнаудан, қолөнер, халық биінен шеберлік сағаттарын өткізу жоспарланып отыр. Сонымен қатар, жаратылыстану-математика бағытындағы STEM оқулар, робототехника, дизайн-ойлау бағытында, көшбасшылық пен шешендік шеберлікті дамыту бойынша тренингтер ұйымдастырылатын болады. Назарбаев Зияткерлік мектептерінің «Туған елге тағзым», «Қазақтың 100 әні», «100 кітап», «100 күй» сынды жобалары балаларға Қазақстанның бай мұрасын тереңінен танып-білуге көмегін тигізетін болады. Кітапханада шет елдік қонақтарды Зияткерлік мектептердің басты жобаларының бірі – «100 кітап» пен кітап әлеміндегі қызықтар күтеді. «Ұлттық аспаптар сағаты» – домбыра, қобыз, жетіген, тоғызқұмалақ, ұлттық ойындар сағаты қыз қуу, асық ату, арқан тартуға арналса, ұлттық асхана фестивалі – қазақтың кең байтақ дастарханына арналған.

Жазғы мектеп «Отандастар» Қоры мен Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының қолдауымен өтеді.

 



Қаралым: 58
Жарияланған: 10 Шілде