Жаңалықтар

«Жігер» өнер ұжымы венециялық көрерменнің қошеметіне бөленуде


Ұлттық домбыра күнінде елордалық Назарбаев Зияткерлік мектебінің жас музыканттары Венецияда өнер көрсетті. 

Елімізге танымал «Жігер» ансамблінің Италиядағы демалысы «Musica in Laguna» атты халықаралық фестиваліне шақыртуынан басталды. Нұрдәулет Қожаев, Диляра Рахмедина, Индира Қайраткызы, Ернұр Қайроллаев және Нұрсұлтан Мейрамбеков жас орындаушылардың беделді сайысына қатысып, әлемнің түкпір -түкпірінен жиналған делегаттарды қазақтың әйгілі күйлерімен таныстырмақ.

Нұр-Сұлтан қаласының домбырашылар оркестрі бірнеше елдің сахнасында өнер көрсетіп, көрермен қошеметіне ие болған ұжым. Балалар әлі күнге дейін  Массачусетс технологиялық университетінде қойған концерттерінен алған әсерлерін ұмытар емес.

Міне бірнеше жыл бойы, аталмыш шығармашылық ұжымды мәдениет саласына еңбегі сіңген қайраткер, Қазақ ұлттық музыка академиясының профессоры Айтжан Тоқтаған басқарып келеді. 

Бүгінде «100 күй» жобасы мен домбыраны меңгеру бойынша элективті курстар еліміздегі барлық Зияткерлік мектептерде сұранысқа ие.

 



Қаралым: 57
Жарияланған: 05 Шілде