Жаңалықтар

WRO, Павлодар, кубок


Бүгін Павлодарда World Robot Olympiad аясында робототехника бойынша Ұлттық чемпионат мәресіне жетті. Сайыстың  ұлттық үйлестірушісі «Назарбаев Зияткерлік мектептері»ДББҰ табылады.

Екі күннің ішінде 240 жас робототехниктер үздік атағына таласты. Роботтардың дәстүрлі футболынан басқа, негізгі және шығармашылық категориялар биыл 2019 жылдың басты тақырыбы – ақылды қалаларға арналған арнайы «Jasampaz» санаты құрылды.

Үш жас санаты бойынша еліміздің ең үздік роботототехника білгірлері анықталды. Олардың барлығы жабылу салтанатында демеушілерден медальдар, дипломдар және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

– Осы екі күн, тәулігіне 24 сағат, біздің команда осындай ауқымды шараны лайықты деңгейде өткізуге тырысты. Біздің қаланың есігі сіздер үшін әрдайық ашық, – деді чемпионат қатысушыларына Павлодар қаласындағы  Назарбаев Зияткерлік мектебінің директоры Ринат Жұмабаев.

Биыл  олимпиадаға бірқатар жаңашылдықтар енгізілді – бұл шара алғаш рет облыс орталығында өткізіліп, тікелей онлайн-трансляция ұйымдастырылып https://wro.nis.edu.kz/livewro/ және WRO кубогы берілді. Енді чемпионаттың қорытындысы бойынша үздік команда абсолютті чемпиондың арнайы кубогын алады. Оның алғашқы иесі  болу құрметі – Орал қаласындағы физика-математика бағытындағы Зияткерлік мектебіне бұйырды. Бұл мектеп WRO –дан Қазақстан және әлем бойынша жоғары нәтижелер көрсетіп келеді. Сонымен қатар аталмыш мектеп НЗМ жүйесінде алғаш болып робототехника курстарын енгізген.

WRO-ның басқа да жұлдыздары жоғары нәтижелер көрсетті.  Өткен жылы Тайландта өткен дүниежүзілік робототехникалық олимпиадада әлемдік топ 10-дыққа енген Көкшетаудан келген Софья Кокорина негізгі кіші санатта өткен жарыста  алтын медальді қанжығалады. Шығармашылық категорияда талдықорғандық Даниил Филимонов тағы да жеңіс тұғырынан көрінді. Оның «Робот-суретші» жобасы  ешкімді бей-жай қалдырмады. Алматы облысы Алакөл ауданы Жыланды ауылының «RoboReBoot» командасы ауыл мектептерін қолдау үшін арнайы марапатына ие болды. «Creativity Award» аталымы бойынша жүлде Павлодардың НЗМ, «Girl power»Семей НЗМ, ал «Engineering Simplicity Honors Award» Талдықорған НЗМ өкілдеріне бұйырды.

 



Қаралым: 93
Жарияланған: 28 Маусым