Жаңалықтар

Зияткерлік мектептер денсаулыққа жауапкершілікпен қарауды қалыптастыруда


Назарбаев Зияткерлік мектептерінде қызмет атқаратын биология пәні мұғалімдерінің жаздық демалыстары Нұр-Сұлтан қаласына саяхаттан басталды. Елордаға мұғалімдерді UNFPA–ның (БҰҰ халық қоры) Қазақстандағы кеңсесі шақырды.  

Мұғалімдердің бесінші тоқсаны денсаулыққа жауапкершілікпен қарауға арналған көкей кесті семинардан басталды. Тренерлер – United Nations Population Fund бойынша танымал сарапшылар, халықаралық жобалар  және БҰҰ агенттіктерімен әріптестік қатынаста жүрген  Любовь Дорожкина мен Мира Сауранбаева болды.  

– Біздің мақсатымыз – балалардың бойындағы өз денсаулығына деген жауапкершілікті арттыру. Сол себепті біз мұғалімдерге арнайы курс дайындадық. Осы жобаның пилоттық нұсқасы жақсы нәтиже берді. Бүгінде жобаны масштабтау жұмыстары жүргізілуде, – деді Қордың Қазақстандағы атқарушы өкілі Раймбек Сисемалиев. 

Мұғалімдердің үлкен қызығушылығын  оқу процесінің жеті негізгі қағидасы, атап айтқанда, ғылымилық, көрнекілік және аймақтық, отбасылық құндылықтар, репродуктивті денсаулық, гендерлік теңдік сынды  тақырыптар тудырды.

– Денсаулыққа деген жауапкершілікті қалыптастыру үшін, мұғалім мен оқушының арасындағы бір-біріне деген сенімділік қарым-қатынас ортасын құру керек,– деді Мира Сауранбаева.

Бүгінгі күні Зияткерлік мектептердің мұғалімдері алдағы оқу жылына интеграцияланған модульдерді, интерактивті әдістерді, жазғы семинарда игерген барлық білім мен инновацияларды енгізуге дайын.

 



Қаралым: 100
Жарияланған: 17 Маусым