Жаңалықтар

Ақ жол саған, жас түлек!


Назарбаев Зияткерлік мектептерінде аттестаттарды табыстаудың салтанатты шарасы мен алтын ұямен  қоштасу балы өтті.

Биыл Зияткерлік мектептерді  2100 ден астам оқушы тәмәмдап отыр. Олардың 145-і «Алтын белгі» иегерлері, 186-сы үздік аттестат алғандар.

2019 жылдың «Жұлдызды түлектері» әркімнің жадында – оқу үздіктері, пәндік олимпиада жеңімпаздары, спортшы және шығармашыл тұлғалар ретінде сақталып қала береді. Зияткерлік мектеп түлектері халықаралық емтихандарда жоғары нәтиже көрсетті. Енді олар өз білімдерін Назарбаев Университет, Гарвард, Браундық және Торонталық университтер мен Лондон Корольдігінің колледжі сынды әлемдік және республикалық деңгейдегі беделді университтерде жалғастырады.

Халықаралық Бакалавриат бағдарламасы бойынша білім беретін Нұр-Сұлтан қаласындағы Зияткерлік мектепте бұл шара 15-ші шілдеде өтетін болады. 

Салтанатты шараның маңызды сәттері – біздің фоторепортажымызда.

 



Қаралым: 86
Жарияланған: 17 Маусым