Жаңалықтар

НЗМ француз тілі мұғалімдері біліктіліктерін шыңдады


Бүгін Нұр-Сұлтанда  француз тілі мұғалімдеріне арналған республикалық біліктілікті шыңдау курсы аяқталды. Оған Назарбаев Зияткерлік мектептерінің мұғалімдері де қатысты.

Үш күн бойы француз тілі сабағын берудің қыр-сырын мектеп мұғалімдері, ЖОО ұстаздары, француз мәдениетінің түрлі құрылымдары және еліміздің студенттері игерді. Франция мен Қазақстан әдіскерлерінің басшылығымен қатысушылар бірнеше модульдар бойынша оқыды.

Семинардың ашылу салтанатында Францияның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Филипп Мартинэ мен «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының Басқарма төрайымы Светлана Испусинова сөз сөйледі.

– Бүгінгі таңда Зияткерлік мектептерде француз тілін 1143 оқушы игеруде. Олардың қызығушылығын ояту жолында Қазақстандағы Франция Елшілігі мен Франция Альянсының еңбегі зор. Осы қолдауларыңыз үшін алғысымызды білдіреміз, – деді Светлана Испусинова.

Зияткерлік меткптерде француз тілі 2014 жылдан бері оқытылуда. Соңғы жылдың өзінде аталмыш тілді екінші шет тілі ретінде игеріп жатқандардың саны 2,5 есеге артты. Франция Альянсымен бірге тілді үйрету бағдарламасы құрылып, қазірде барлық Зияткерлік мектептерде қолдынылып жатыр. Франция Елшілігінің көмегімен, Халықаралық Вальбонн орталығы жаздық курстарға қатысу мүмкіндігі бар  Қазақстандық оқушыларға гранттар бөледі. Сондай-ақ Елшілік Зияткерлік мектептерге француз тілін еркін меңгерген мұғалімдерді табу және қажетті кітаптармен  қамтамасыз ету жолында септеседі.

 

 



Қаралым: 155
Жарияланған: 08 Маусым