Жаңалықтар

Қазақстан Республикасында орта білім мазмұнын жаңарту аясында педагогтердің біліктілігін арттыру курсы


2019 жылғы 3 маусымда «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығының ұйымдастыруымен еліміздің барлық өңірлерінде орта білім мазмұны аясында мектепке дейінгі ұйымдардың, бастауыш, орта, негізгі мектептердің 19,5 мыңнан астам педагогінің біліктілігін арттыру курстары басталды.

Республикада жаңартылған бағдарлама бойынша алғаш рет мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының тәрбиешілері білім алады.

2019-2020 оқу жылы еліміздің жалпы білім беретін мектептеріндегі 4, 9 және 10-сыныптарда жаңартылған білім мазмұнын енгізу басталады. Осыған байланысты аталған сыныптарда сабақ беретін педагогтер барлық пәндер бойынша арнайы курстардан өтеді. Педагогтердің біліктілігін арттырудың бұл курсында мұғалімдер оқу бағдарламаларының ерекшеліктерін, оқушылардың жетістіктерін критериалдық бағалау жүйесін оқып-үйренеді, оқудағы әдістер мен тәсілдерді және сабақты жоспарлауды қайта қарастырып, білімдерін жетілдіреді. Оқу аяқталғаннан кейін педагогтер тәуелсіз бағалаудан өтіп, сертификаттарға ие болады.

 

 

 

 



Қаралым: 178
Жарияланған: 07 Маусым