Жаңалықтар

НЗМ оқушысы Финляндия Президентімен климат мәселелерін талқылады


«Президент Австралия, Мексика, Чили, Нидерланды, Қазақстан, Тунис және Финляндия жастары кіретін World Summit of Students for Climate хатшылығымен әңгімелесуде», – деп Финляндия Республикасы Президентінің ресми сайтында Қазақстандық оқушы бейнеленген суретте жазылған.

Қостанай қаласындағы физика-матетематика бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушысы Дана Клышпаева Финляндия Президенті Саули Ниинистёмен кездесті.

Фин Президентімен жеке кездесу және әңгімелесу климаттың өзгеруі бойынша оқушылардың әлемдік саммитінің арқасында мүмкін болды. Дана форумға қатысушылар арасындағы арнайы байқауда жеңіске жеткеннен кейін, оған саммиттің Бас Хатшылығында Азия елдерін таныстыруға сенім артылды.  Саули Ниинистёмен климаттың өзгеруіне қарсы күрес шаралары, жаңартылатын энергия мәселелері, пластикті жинау және өңдеу мәселелері талқыланды. Президент жастарға олардың белсенділігі үшін алғыс айтып, алға жылжуға шақырды.

Халықаралық саммит Финляндияда барлық континенттердің 70 мемлекетінен 135 оқушы мен 100 оқытушының басын қосты. 14-17 жас аралығындағы оқушылар өз елдерінің тәжірибесімен бөлісіп, климаттық мәселелерді шешуді талқылады. Бүгін, 5 маусымда, Дүниежүзілік қоршаған орта күні, Хельсинки мэриясында саммитке қатысушылар климат бойынша оқушылардың халықаралық келісімін қабылдайды деп күтілуде.

Астана қаласындағы физика-математика бағытындағы мектептің ең талапты оқушыларының бірі және «Ғарыш. Ғылым. Интеллект» ІХ Наурыз кездесулерінің жеңімпазы Альнур Акчурин де жаһандық кездесуге қатысты. Ол Дана Клышпаевамен бірге Қазақстандағы климаттың өзгеруі жөніндегі жобаны ұсынды.

World Summit of Students for Climate ENO Schoolnet компаниясы Йоэнсу және Хельсинки қалаларының әкімшіліктерінің, Финляндияның Қоршаған орта министрлігінің, Орман шаруашылығы және агромәдениет министрлігінің, Білім және сыртқы істер министрлігінің қолдауымен ұйымдастырылған.

 



Қаралым: 197
Жарияланған: 05 Маусым