Жаңалықтар

Сергей Полянских – НЗМ тарихындағы бірінші «мұғалім-мастер»


Назарбаев Зияткерлік мектептерінің тарихында кәсібиліктің жоғары деңгейлі атағы берілді.

Бүгінгі күннің батыры – Алматы қаласы физика–математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің мұғалімі Сергей Полянских НЗМ жүйесіндегі «мұғалім-мастер» атты мәртебеге лайықты деп танылды.  

Сергей Сергеевич –математика мен олимпиадалық қозғалыстар бойынша  еліміздің ең беделді тәлімгерлердің бірі. Оқушыларының әлемдік және отандық олимпиадалардағы жеңісі педагогтың жоғары кәсібилігінің белгісі.  

Беделді Қазақстан-Британ университетінің түлегі Зияткерлік мектепке 2010 жылы келіп Талдықорған мектебінде 2010 жылдан бастап математика пәнінің мұғалімі, робототехника, нанотехнология, математикалық академия және математикалық бағдарламаландырудан сабақ берген.  Былтырғы жылдың күз мезгілінен бастап, физика-математика бағытындағы Зияткерлік мектепте қызмет атқарады. Осы жылдар бойы Сергей Сергеевич тестілеудің электрондық жүйесін жасап шағарып http://mathtest.kz,  Кембридж университетінде оқыды. Қазіргі таңда «математикалық академия.7сынып» авторлық бағдарламасын дайындау үстінде.

Сергей Полянскихтан бастап НЗМ педагогтары арасында өз мамандықтарында «мастер» атанатын жаңа көшбасшылар тобы құрыла бастады.

 



Қаралым: 171
Жарияланған: 05 Маусым