Жаңалықтар

PolyU-дағы Зияткерлік мектептердің алғашқы түлектері


PolyU Гонконг политехникалық университеті Назарбаев Зияткерлік мектептерінің алғашқы түлектеріне салтанатты шара өткізді.

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ мен PolyU ынтымақтастығы 2015 жылы басталған. Ол кезде ЖОО  Зияткерлік мектептердің түлектеріне 15 грант бөлген. Сол уақыттан бері Зияткерлік мектептердің 87 түлегі Азияның жетекші оқу орындарының бірінде бакалавриат бағдарламасына тегін оқуға түсті.  

Биыл Зияткерлік мектептердің алғашқы 11 түлегі Гонконг политехникалық университетін тәмамдады. Салтанатты рәсімге ДББҰ-ның басқарушы директоры – Қазжанова Айгүл Омировна және Білім беру сапасын бағалау және халықаралық аккредитация департаментінің аға менеджері – Садық Гүлнар Бақытжанқызы қатысты.

– Біздің түлектер екі мемлекеттің ортасындағы алтын көпірге айналды, – деді  құттықтау сөзінде Айгүл Қазжанова.

PolyU Кеңесінің төрағасы, доктор Лэм Тай-фай өз сөзінде Зияткерлік мектептері түлектерінің жоғары сапалы дайындығын атап өтті. Сонымен қатар, ол 2019 жылғы түлектер «тек біліммен және жоғары жетістіктермен ғана емес, сондай-ақ PolyU-дың қазақстандық алғашқы бітіруші тобы ретінде тарихи маңызы бар екенін» атап өтті.

Сондай-ақ түлектердің атынан алғыс сөзін Көкшетау қаласындағы Зияткерлік мектеп түлегі, «PolyU үздік студенті» атағының иесі Мадина Қалиева жеткізді. 

Гонконг политехникалық университетіне NIS пен Қазақстаннан естелік ретінде Шымкент қаласы химия-биология бағытындағы талантты оқушылардың қолынан шыққан ұлттық нақышта орындалған картиналар табысталды.

 



Қаралым: 162
Жарияланған: 22 Мамыр