Жаңалықтар

Ольга Можаева Басқарма төрайымының орынбасары қызметіне тағайындалды


«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы Қамқоршылық кеңесінің шешімімен Ольга Можаева Басқарма төрайымының орынбасары қызметіне тағайындалды.

Қазақ Ұлттық Университетінің биология факультетін тәмәмдаған. Кандидаттық ғылыми дәрежеге ие.

Ольга Ивановна Можаеваның кәсіби мансабы педагогика саласымен байланысты. Мұғалім, директордың орынбасары, мектеп директоры, аудандық білім бөлімінің жетекшісі қызметтерін атқарған.  Білім және ғылым министрлігінде Ұлттық білім беру сапасын бағалау орталығы директорының орынбасары лауазымында болған.  Қызметі барысында Біріккен Ұлттар ұйымы мемлекеттердің «Мыңжылдықтың даму мақсаттарына» жету дәрежесін анализдеу және бағалау бойынша отырысына қатысқан.

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымында 2009 жылдан бастап: Білім беру бағдарламалары және халықаралық ынтымақтастық әдіснемесі департаментінің директоры, білім сапасын бағалау департаментінің директоры, басқарушы директор лауазымдарында болған. 2013 жылдан бері «Назарбаев Зияткерлік мектептері»  ДББҰ Басқармасының мүшесі болып табылады. 

«Құрмет» орденімен марапатталған.

 



Қаралым: 126
Жарияланған: 22 Мамыр