Жаңалықтар

Әріптестіктің жаңа көкжиегі


Бүгін Нұр-Сұлтан қаласы физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде  Басқарма төрайымы Светлана Испусинова мен Dassault Systemes компаниясы өкілдерімен кездесуі өтті.

Кездесуге Ресей және ТМД елдеріндегі  басқарушы директор Алексей Рыжов, Қазақстан мен ТМД елдерінде  бизнесті дамыту директоры Азамат Карданов, Қазақстандағы кеңсенің бас директоры Жанаш Сұлтанова сонымен қатар мемлекеттік билік ұйымдарымен қарым-қатынас директоры Мария Кулахметова, Қазақстан Республикасындағы Франция Елшілігінің ғылыми-техникалық атташесі Александра Тиркюир-Менс қатысты. 

Dassault Systèmes корпорациясының штаб-пәтері франциялық Велизи-Виллакубледе орналасқан. Ол әлем нарығындағы PLM (Product Lifecycle Management – жабдықтың өмірлік циклін басқару) және ЖАЖ (жобалық автоматтандыру жүйесі) көшбасшылардың бірі. 1981 жылы негізі қаланған, компания бағдарламалық қамтамасыздандыруды дамытуда белсенді жұмыс атқаруда. Компанияның шешімдері түрлі салалардағы: аэроғарыш, автокөлік, энергетика, сонымен қатар құрылыс, кеме жасау, жоғары технологиялар мен қызметтер, тұтыну тауарлары мен өнеркәсіптік жабдықты өндірушілермен қолданылады. Компания жасаған технологиялар білім беру саласында енгізілуде. Dassault Systèmes өнімдерінің негізі – интеграцияланған платформа 3DEXPERIENCE, жобалау жұмысын жеңілдетеді, инновациялармен жұмыс істеу кезінде уақыт пен қаражатты үнемдейді.

Басқара төрайымы Светлана Испусинова меймандарды Зияткерлік мектептер жүйесімен таныстырып, оқушылардың ғылыми жобалары жайлы айтты.

Тараптар білім беру үдерісіне инновациялық технологияларды енгізу және оқушылардың  ғылыми жобаларымен жұмыс істеу үшін оңтайлы жағдайлар жасауға арналған «NIS fabrication» жобасын жүзеге асыруда бірлескен ынтымақтастықтың болашағын талқылады.

 



Қаралым: 146
Жарияланған: 20 Мамыр