Жаңалықтар

Түркімендік педагогтар еліміздің инновациялық мектептер құру тәжірибесімен танысты


Ертең Нұр-Сұлтан қаласында Білім министрлігі, Педагогтардың шеберлігін аттыру орталығы өкілдері мен ЖОО мен мектеп мұғалімдерінен құралған түркімендік делегацияның сапары аяқталады. 

Түркімендіктер  білім мазмұнын жетілдіру, мектеп көшбасшылары мен мұғалімдердің дағдыларын жетілдірудің инновациялық тәсілдері, шығармашылық әдістер мен білім беру технологиялары бағыттары бойынша жұмыстарды зерттеді.

Бірінші кездесу орталық кеңседе «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Төрайымы Испусинова Светлана Багитқызымен болды. Түркімендік педагогтар қазақстандық инновациялық мектептер құру  мен мұғалімдердің шеберлігін көтеру тәжірибесіне қызығушылық танытты.  

Делегация сондай-ақ Зияткерлік мектептердің құрылымдық бөлімдерінің жұмысымен танысты. Білім беру бағдарламалары, педагогикалық өлшеулер, педагогикалық шеберлік орталықтарының жетекшілері орта білім мазмұнын тұжырымдамалық тәсілдермен таныстыру, оқушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалау жүйесі, оқытушылардың біліктілігін арттыру, инновациялық әдістер мен белсенді оқыту әдістемелерін ұсынды.

Ресми сапар барысында түркімендік әріптестер елордалық Зияткерлік мектептерге барды. Мектеп директорлары Мейрам Жакенов пен Бауыржан Серіков оқушылармен бірге оларға мектепшілік экскурсия өткізіп, НЗМ оқу және тәрбие беру ерекшеліктерімен таныстырды. Меймандарды қазақ халқының дәстүрлерімен танысу үшін Нұр-Сұлтан қаласының Зияткерлік мектебі қонақтарға концерт ұйымдастырды. Делегация сондай-ақ Халықаралық мектепке де барды. Онда мектеп директоры Бауыржан Ұзақбай қонақтарды бастауыш мектеп PYP және негізгі мектеп MYP бағдарламаларымен таныстырды.

Сонымен қатар Нұр-Сұлтан қаласында  жоспар бойынша ҚР Білім және ғылым министрлігінде, Назарбаев Университетінде, екі колледжде, №73 орта мектепте және оқушылар сарайында кездесулер өтті.

Ертең меймандарды ауқымды мәдени бағдарлама күтіп тұр. Түркімендік әріптестер біріншіден ЭКСПО қалашық «Нұр Әлем» кешені мен  елорданың көрікті жерлерін аралайды.

 

 

 



Қаралым: 166
Жарияланған: 17 Мамыр