Жаңалықтар

Жетісудың баға жетпес балы «Әлем планетасын» жаулап алды


Талдықорған қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің жас зерттеушісі «Қазақстан күллі түркі халықтарының қасиетті «Қара шаңырағы» атты халықаралық ғылыми жобалар байқауында Гран-при иегері атанды.

Үздік ғылыми-зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобалар байқауы Талдықорған қаласында «Бейбітшілік әлемі» атты халықаралық қазақстандық шығармашылық бірлестігінің ұйымдастыруымен өтті.

Төртінші сынып оқушысы Ранона Жалелқызы «Жетісудың баға жетпес балы» жобасын таныстырды. Балдың шығу тарихын, құрамын, қолданылуын, пайдалы қасиеттері мен Жетісу өңіріндегі негізгі түрлерін зерттеді.

«Жылда біз анам екеуміз ауылға ара балын алуға барамыз. Ара балының қандай түрлері бар екені мені өте қызықтырды. Олардың қайсысы Жетісу жерінде өндіріледі? Мен үшін осы сұрақтарға жауап алу қиында әрі қызықты болды, себебі біз анамыз екеуміз көптеген омарташылық кәсіптерге барып, көптеген ақпарат жинадым», - дейді Ранона.

Жобаның авторы Алакөл ауданындағы «Лепсинск өнімдері» зауытында болып, Алматы облысындағы көптеген ара балын жинайтын шаруашылықтарына барып, дәрігерлермен кездесті және балдың, оның пайдалы және зиян қасиеттерін медицина тұрғысынан қалай қолдану керектігі туралы білді.

Ранона зерттеу барысында Жетісу өңірінде балдың үш түрі бар екенін анықтады. Олар: күнбағыс, қарақұмық, шырын бал түрлері.

Ранонаның «Жетісудың баға жетпес балы» жобасы халықаралық ғылыми жобалар байқауында Гран-приге ие болды. Сондай-ақ, жас зерттеушінің жұмысы «Қазақстан күллі түркі халықтарының қасиетті «Қара шаңырағы» атты ең үздік ғылыми жобалар кітабына енгізілді.

 



Қаралым: 169
Жарияланған: 16 Мамыр