Жаңалықтар

Зерттеу жүргізу бойынша «Қарапайым нұсқаулық»


Елордадағы Зияткерлік мектеп ұстаздары әріптестері Дэвид Аннанның «Зерттеу жүргізу бойынша қарапайым нұсқаулық» атты кітабының тұсаукесеріне қатысты.

Дэвид Аннан - экономикалық өсу қарқынын, әлемдік кеңістікте әлеуметтік-экономикалық даму ықпалын талдап жүрген жас зерттеуші. Қазақстанға 2017 жылы келген Дэвид елордалық мектепте экономика пәнінен сабақ береді. Ол философия докторы (PhD), даму үдерісін талдау, мониторинг жүргізу және бағалау, дәйекті зерттеу жүргізу бойынша мол тәжірибесі бар ұстаз.

Дэвид Аннанның кітабы оқырмандарды зерттеу жүргізу теориясы мен практикасы негіздерімен таныстырады. Оқу құралы «Жаһандық перспективалар мен жобалау жұмыстары» пәні жүргізілетін мектептерге арналған. Жаңа оқу құралы жоғары сыныптағы оқушылар мен колледж және ЖОО–на түсуге дайындалып жүргендердің қызығушылығын тудырады.

Сондай-ақ кітап жоғары сынып оқушылары мен жоғары оқу орындарына түсетін мектеп түлектеріне пайдалы құрал болары сөзсіз.

Кітап авторы бұл оқу құралын жазуға зерттеу жүргізуді жоспарлап тырысатын  шәкірттерінің шабыттандырғанын айтады.

– Көбіне студенттер зерттеу үдерісін ұйымдастыруда: зерттеуді жоспарлауда, оны жүргізуде, зерттеу нәтижелерін қорытындылап жазуда қиналады. Сондықтан жас зерттеушілер үшін кітапта негізгі әдістемелік қадамдар көрсетілген майндмэптар (mind-map) – графикалық кескіндер мен кестелер, диаграммалар көптеп берілген» –деп ағынан жарылды нұсқаулық авторы Дэвид Аннан.

 

 

 



Қаралым: 99
Жарияланған: 15 Мамыр