Жаңалықтар

Ресейдің тренерлер байқауындағы жеңіс...


2005 жылдан бастап Акцент Бюросы дәстүрлі  XIV Бүкілресейлік тренерлер шеберлігінің байқауы 2019 жылы 26 сәуірінде Мәскеуде өтті. «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығының Павлодар қ. филиалының аға менеджері Мельникова Юлия «Тәжірибелі тренер» номинациясына қатысып,  жүлделі 1 орынға ие болды.

Байқауға қатысу - бұл әрдайым сынақ, табыс және кері байланыс! Биылғы жылы «Тәжірибелі тренер» номинациясына бағын сынауға 65-тен астам педагогтер өтініш берді. Байқауға индустрияның әр түрлі салалары бойынша тренерлер қатысты, бұл оны одан әрі қызықты және мәнді етеді.

  Байқау 2 кезеңмен өткізілді: сырттай және ақтық. Сырттай кезеңде тренерлер келесі тапсырмаларды орындады: эссе жазу, белгілі бір тақырыпқа тренинг сценарийін жазу, кейсті шешу жолдарын ұсыну және тренерлердің лайфхактарымен бөлісу. Сырттай кезеңнің нәтижелерін қорыта келе,  ақтық кезеңінде байқауды жалғастыру үшін әрбір номинациядан 3 қатысушы іріктелді.

Байқаудың ақтық кезеңінде демо-тренинг өткізілді. Байқаудың әр кезеңінен кейін қазылар алқасының мүшелері егжей-тегжейлі кері байланыс берді.

Юлия Геннадьевна өз қуанышымен бөліскен әріптестеріне алғыс айта келіп, былай деп толғанысымен бөлісті: «Мен үшін жеңіс - басынан бастап өзімді сынап көру, Мәскеуге ұшып келу және финалға қатысу мүмкіндігі.  Бұл жаңа адамдармен танысу, кері байланыс және алдағы даму жолдарын анықтау. «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығында үнемі оқып, даму мүмкіндігі үшін және халықаралық деңгейде өзімді еркін сезінгенім үшін өзім жұмыс істейтін мекемеге үлкен алғыс айтамын. Иә, әрине, әрі қарай нені оқу керек  және нақты нені  дамыту керек екені де бар. Бұл – тренер мамандығы! Менімен бірге Педагогикалық шеберлік орталығының Павлодар қаласындағы филиалының директоры Н.С. Сарбасов қатысты. Өзің қызмет ететін мекеменің  қолдауы  өте маңызды!».

Біз Ресейлік тренерлік шеберлік байқауының жеңімпазы, әріптесіміз, дарынды, кәсіби, креативті қызметкер, түрлі деңгейдегі педагогтермен 7 жыл жұмыс тәжірибесі бар тренер Юлия Геннадьевна Мельникованы  жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз!



Қаралым: 40
Жарияланған: 08 Мамыр