Жаңалықтар

НЗМ оқушыларының Ресейдегі жетістіктері


НЗМ оқушылары Ресейде қатар өткен екі олимпиададан жүлделі оралды, – Бүкілресейлік «Адам –  ​​Жер – Ғарыш» және Менделеев.

Королев қаласында өткен «Адам – ​​Жер – Ғарыш» қоршаған ортаны қорғау мәселелер бойынша ғылыми-зерттеу жобаларының Бүкілресейлік олимпиадасының қорытындысында Зияткерлік мектептердің оқушылары жүлделі орындарға ие болды. 5 жоба ең үздік деп танылды: Адия Унбаева және Алина Бармағамбетованың (Ақтөбе) «Еден плиталарынан алынатын тоқ», Аяжан Дулат пен Дәулет Бердештің (Алматы ФМБ) «Юпитердің атмосферасы: фотосуреттерді бейсызықты талдау», Диас Көшербайдың (Тараз) «Зымырандық ұшуды жүзеге асыратын DRONE», Дарина Мұхамеджанованың (Тараз) «Органикалық-бейорганикалық сорбенттерді өсімдіктердің тұзды күйзелістегі тұрақтылығын арттыру үшін пайдалану», Диана Керімбаеваның (Нұр-Сұлтан IB) «Соколов-Сарыбай тау-кен өнеркәсіптік бірлестігі аумағындағы табиғи фитоценоз басым өсімдік түрлерінің морфологиялық құрылымына техногендік ластанудың әсері».

НЗМ құрамасының ең жас жеңімпаздары болып Ақтөбенің жетінші сынып оқушылары атанды. Олар «Еден плиталарынан алынатын тоқ» жобасында арнайы сегіз бұрышты тақтайшалар үстімен жүру арқылы электр энергиясын өндіруді ұсынады.

– Болашақта жобамызды мектепте қолданғымыз келеді, ол үшін еден тақтайшаларын арнайы плиталарға ауыстыру қажет. Тіпті зерттеу жұмыстары мектеп кіреберісінде өткізілді, онда балалар мен мектеп қызметкерлері бір сағаттың ішінде 7000-ға жуық қадам жасайтыны анықталды, – деп түсіндіреді физика пәнінің мұғалімі және жоба жетекшісі Жәнібек Жанкұлов.

НЗМ-нің өкілдері белгілі Менделеевтің олимпиадасынан да жүлделі орындарға ие болды. Ұлттық құраманың қазынасында бір күміс және 3 қола медальдар бар. Санкт-Петербургте өткен зияткерлік сайыста Павлодар мектебінің екі оқушысы Даниил Мельниченко (екінші орын) және Хайдар Қайырбек (үшінші орын), Семейлік Рүстем Шердебаев (үшінші орын) пен Петропавл Зияткері Айдын Тайшыбай (үшінші орын) ерекшеленді. 

Конкурсқа әлемнің 30 елінен келген 150-ден астам жас химиктердің қатысты.

– Осындай үлкен халықаралық жарыстарға бірінші рет қатысуым. Елімізді алемдік деңгейде таныта алғанымызға өте қуаныштымын. 9 сыныптан бастап әртүрлі химия олимпиадаларына қатысқанмын, бірақ бұл олимпиада мен үшін ерекше болды, – деп ағынан жарылды Даниил Мельниченко.

– Қатысушылар арасында ең жасы кіші мен болдым, себебі мен негізінен 11 сынып оқушыларымен жарыстым. Олимпиада жоғары деңгейде өтті. Біз белгілі профессор Беклемишев, Ненайденко, Лунин және басқалармен таныстық. Ұйымдастырушылар қатысушыларға химиядағы білім деңгейін өлшеп қана қоймай, Ресейдің әдемі қалалары Санкт-Петербург пен Петергофты аралауға және онда  орналасқан мемлекеттік университеттің Химия институтын көруге мүмкіндік берді. Әсіресе химия пәнінің мұғалімдері Асылбек Оразбай мен Ирина Михайловна Бабичке алғысымызды білдіреміз, – деп атап өтті 10 сынып оқушысы Хайдар Каирбек.

 



Қаралым: 229
Жарияланған: 30 Сәуір