Жаңалықтар

Алматы қаласының Зияткерлік мектептері халықаралық CIS аккредитациясынан өтті


Алматы қаласының физика-математикалық және химия-биологиялық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектептері халықаралық аккредитациядан сәтті өтті.

Халықаралық мәртебеге  барлық әлемдік стандарттарға сәйкестігін дәлелдеген үздік мектептер  ие болады.

Бұл біздің мектептің ұжымы үшін үлкен жетістік. Жалпы Назарбаев Зияткерлік мектептер желісінің жетістігін мойындау,- деп атап өтті физика-математикалық мектептің директоры  Кульфарида Раисова.

– Мектептің жаңа мәртебесі бізді үнемі өзін-өзі жетілдіруге және өздігінен білім алуға міндеттейді. Аккредиттелген мектептер атқарылған жұмыс туралы есептер арқылы тұрақты мониторингке ілігеді және әрбір екі жыл сайын бағалау процесінен өтуі тиіс. НЗМ оған дайын, – деді химия-биологиялық бағыттағы мектеп директоры Гүлмира Мүнкеева. 

 



Қаралым: 224
Жарияланған: 18 Сәуір