Жаңалықтар

Зияткерлік мектептер сертификаты тағы да мойындалды


Гонконгтық политехникалық университетінің (PolyU) ДББҰ-ға ресми хатында Назарбаев Зияткерлік мектебінің 12 сынып түлегінің сертификаты университеттің тікелей бірінші курсына түсу үшін қабылданатыны туралы айтылған. PolyU проректоры профессор S.L.Ho өз хатында соңғы бес жыл ішінде Зияткерлік мектептердің түлектері университетке грант бойынша оқуға түсіп, сәтті оқып келе жатқандығы туралы хабарлады.

Сонымен қатар, Глазго Каледониан университетінің академиялық саясаты және тәжірибесі бойынша комитетінің Назарбаев Зияткерлік мектептерінің оқу бағдарламаларына жасаған шолу жұмысы нәтижесінде, Зияткерлік мектептер түлектерін бакалавриат бағдарламаларының екінші курсына қабылдауға шешім алды. Британдық университет есептеу техникасы, Инженерлік және  бейінді орта мектебінің 40 мамандығы бойынша, Бизнес және қоғам мектебінің 35 мамандығы бойынша және Денсаулық пен өмір ғылымдары мектебінің 33 мамандығы бойынша оқытуды ұсынады.

 



Қаралым: 224
Жарияланған: 18 Сәуір