Жаңалықтар

Шри-Ланкадан медальмен


Атыраудағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 11 сынып оқушысы Диялара Ғабитова Шри-Ланкада юниорлар арасында өткен Азия чемпионатында шахматтан күміс медальға ие болды. 

Сайыста Зияткерлік мектеп өкілі блиц, рапид және классика санатында керемет нәтиже көрсетті. Диляра Ғабитованың қоржынында алыс-жақын шет елдердегі турнирлерден медальдар көп. Ол 2018 жылы Прагада жас шахматшылар арасында өткен додада бірінші орынды иеленді. Қазіргі таңда атыраулық оқушы шахматтан спорт кандидаттығына үміткер. 

Asian Chess Championship – 2019 халықаралық байқауында әлемнің 23 мемлекетінен 572 ойыншы бақ сынады. 18 жасқа дейінгі Азия чемпионаты Шри-Ланканың Калутара қаласында өткен. 

 



Қаралым: 272
Жарияланған: 11 Сәуір