Жаңалықтар

Австралиялық университеттің мойындауы


Назарбаев Зияткерлік мектептері Австралияның беделді жоғарғы оқу орны – Монаш Университеті тарапынан мойындалды.

Университет бакалавриат бағдарламаларының бірінші курсына тікелей түсуге жарамды біліктілік тізбесінде Назарбаев Зияткерлік мектептерінің 12-сынып Сертификатын қосты. Сертификат Монаш университетінде инженерия, ақпараттық технологиялар, медицина және медициналық ғылымдар, фармацевтика және фармацевтикалық ғылымдар, гуманитарлдық және әлеуметтік ғылымдар, өнер, дизайн, және сәулет өнері, құқық, бизнес және білім беру бағыттары бойынша оқуға түсуге мүмкіндік береді (https://priorstudy.monash.edu/prior-study/).

Монаш Университеті QS рейтингіне сәйкес дүние жүзі бойынша 59 орында және «Шырмауық лигасының» Австралиядағы аналогы болып саналатын беделді «Сегіз тобына» кіреді. Топтың құрамына Австралиялық Ұлттық Университет, Мелбурн университеті, Сидней университеті сынды Австралияның ғылыми зерттеу университеттері енген.

Университет, сонымен қатар өзінің ғылыми зерттеушілік жобаларымен дүние жүзілік аренада танымал болды. Мұндай жобалар қатарына Малярияға қарсы жаңа вакцина және 3D-баспалы қозғалтқыштар жатады. 

 



Қаралым: 300
Жарияланған: 09 Сәуір