Жаңалықтар

NIS – Қазақстанның білім саласындағы бренд-елшісі


Назарбаев Зияткерлік мектептерінің «NIS – Қазақстанның білім саласындағы  бренд-елшісі» жобасы халықаралық «Пресс-служба года» байқауының шорт-листіне енгізілді.

ДББҰ баспасөз-қызметінің конкурстық жұмысында NIS-тің бұқаралық ақпарат құралдары мен PR насихаттау еліміздің зияткерлік бренді және әлемдік педагогиканың табысты жобасы ретінде ұсынылды. Байқаудың қазылар алқасына кірген ресейдің жаппай коммуникация саласындағы танымал сарапшылары NIS жобасын жоғары бағалап, «продвижение территорий» номинациясындағы жеңімпаздар қатарына қосты.

Жеңімпаздар есімі  сәуірдің 19 күні Мәскеу қаласында өтетін «Эффективная пресс-служба – 2019» атты халықаралық практикалық конференция аясында жарияланады.

 



Қаралым: 300
Жарияланған: 08 Сәуір