Жаңалықтар

«Жетісу» пейзажы Жапон елін таң қалдырды


Талдықорған қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушысы Жапонияға шақыру алды.

7-сынып оқушысы Даир Серік Канагава префектурасында өткен «Childrens Museum of Art» атты XX Халықаралық балалар суретінің конкурсында «Канагава сыйлығының» иегері атанды. Онлайн байқауға Еуропа, Африка, Азия, Америка және Океания елдерінен бүкіл әлемнің 90 нана астам  мемлекеті қатысты.

Өнер сабағының мұғалімі Тілеш Намазбековтың жетекшілігімен, Даир Серік пейзаж жанрында орындалған «Менің туған өлкем - Жетісу» жұмысын ұсынды.

«Менің сүйікті хоббилерім көп. Саксофон, фортепиано, флейтада ойнағанды ұнатамын және домбыра мен қыш өнері сабақтарына қатысамын. Бірақ менің ең сүйікті әрі жүрегіме жақын хоббиім - ол сурет салу. Себебі ол мені шабыттандырады, айналадағы ең әдемі, ғажайып дүниелерді байқап, көңіл аударуды үйретеді», – дейді жас суретші.

«Childrens Museum of Art» Халықаралық байқауының қорытындысы бойынша Талдықорған қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушысы Даир Серіктін суреті 30 мың жұмыстардың ішінен топ жарып «Канагава сыйлығымен» марапатталды. Сонымен қатар «Менің туған өлкем - Жетісу» пейзажы ең үздік шығармалар жинағына іріктеліп алынды.

Даир Серік Жапониядағы Халықаралық көрмесінің жеңімпаздарын марапаттау рәсіміне қатысуға шақыру алды.

 



Қаралым: 301
Жарияланған: 04 Сәуір