Жаңалықтар

Эйлер олимпиадасының медальдары алматылық зияткерлерде


Алматы қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары Леонард Эйлер атындағы ХI математика олимпиадасынан жүлделі орындарға ие болды. 8-сынып оқушылары Махмут Омар күміс медаль, Альдинаш Сейтенов қола медальды қанжығалап қайтты.

Олимпиаданың қорытынды кезеңі Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ университетінде өтті. Оған аймақтық кезеңдерден сүрінбей өткен оқушылар қатысты. Ұйымдастырушылардың айтуынша, жыл өткен сайын білім сайысына қатысуға ниет білдірген балалардың саны артуда екен. Алғашқы кезеңге Қазақстан бойынша 1000 аса бала қатысыпты. Солардың ішінен мықты деген 60 бала қорытынды кезеңге өтті.

– Осы жақында ғана Ақтөбе қаласында өткен жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша оқушылардың республикалық олимпиадасының қола жүлдесін иеленіп қайттым. Енді міне, Леонард Эйлер атындағы олимпиадада бақ сынап 2-орынды иелендім. Бұл мен үшін үлкен жетістік. Ендігі мақсатым Халықаралық IMO олимпиадасына қатысу, – деген ойымен бөлісті 8-сынып оқушысы Махмұт Омар.

Олимпиаданың мақсаты – оқушылардың математика пәніне қызығушылығын арттыру, 8-сынып оқушыларын жоғары деңгейдегі білім сайыстарына дайындау.

 



Қаралым: 211
Жарияланған: 02 Сәуір