Жаңалықтар

Қызылордадағы NIS жетістігі


Назарбаев Зияткерлік мектептерінің оқушылары Қызылорда қаласында өткен қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндер бойынша республикалық олимпиадада жоғары жетістіктерге қол жеткізді. 

НЗМ қоржынында барлығы 32 медаль – 3 алтын, 9 күміс және 20 қола. Нәтижесінде, құрама «Үздік олимпиада командасы – 2019» номинациясында үшінші орынды иеленді.

Олимпиадада бірінші орынды қызылордалық Гүлдана Сәбитова, (қазақ тілі мен әдебиеті), Атыраудан келген Назгүл Жұмабек (орыс тілі) және Қостанайдың намысын қорғаған Аида Истелиева (ағылшын тілі) қанжығалады.

«Бірінші кезеңде жастар жылына бағытталған тақырыптарда шығарма жаздық, екінші кезеңде грамматика, лексика бойынша тапсырмалар орындап, морфологияны талдадық. Биыл бірінші рет сөйлеу дағдылары бағаланды. Мықты дайындығымыз ең жоғары ұпай жинап, бірінші орын алуымызға көмектесті», – дейді Гүлдана Сәбитова.                              

Көкшетау қ. физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 8-сынып оқушысы Диана Афанасьева «Олимпиаданың ең жас қатысушысы – 2019» дипломымен марапатталды.

Барлығы білім додасына 700-ге жуық оқушы қатысты, олардың алпыстан астамы Зияткерлік мектептердің өкілдері болды. Биыл республикалық олимпиада он-лайн режимде көрсетілді.

 



Қаралым: 285
Жарияланған: 02 Сәуір