Жаңалықтар

НЗМ мен CAIE сарапшылары емтихандық материалдардың сапасын талқылады


Елордада  12-сынып емтихан материалдарының сапасын бағалау Комитетінің отырысы өтті.  Қазақстанда тұңғыш рет өткізіліп отырған жиынға CAIE – Халықаралық Білім беру сұрақтары бойынша Кембридж бағалау кеңесі эксперттерінің өкілдері қатысты. 

Кездесудің басты тақырыбы 12-сыныптың сыртқы жиынтық бағалау емтиханы тапсырылатын пәндері бойынша емтихан материалдарының A-Level халықаралық стандартына сай құрастырылуы болды. Кәсіби дискуссияға Халықаралық Білім беру сұрақтары бойынша Кембридж бағалау кеңесінен 10 сарапшы, Педагогикалық өлшеулер орталығының мамандары мен Назарбаев Зияткерлік мектептері мұғалімдері қатысты.

Олардың барлығы емтихан материалдарының оқушылар білімін тексеру үшін дайын екендігін анықтады.

Кембридж сарапшылары отырыстың жұмысына жоғары баға беріп еліміздің педагогтарының жұмысын ерекше атап өтті.

 



Қаралым: 215
Жарияланған: 28 Наурыз