Жаңалықтар

Үздік олимпиадалық команда – 2019


Ақтөбе қаласындағы Зияткерлік мектеп қабырғасында өткен жаратылыстану-математика бағытындағы жалпы білім беретін пәндерден республикалық олимпиаданың қорытындысы бойынша Назарбаев Зияткерлік мектептерінің командасы «Ең үздік олимпиадалық команда – 2019» деп танылды.

НЗМ оқушылары 44 жүлдеге ие болды – команда 13 алтын, 18 күміс және 13 қола медальдерді жеңіп алды.

Жалпы, еліміздің барлық өңірлерінен 19 команда, 800-ден астам оқушы қатысты. Елдің үздік оқушыларына арналған марапатты Ақтөбе облысының әкімі Ондасын Уразалин мен білім және ғылым вице-министрі Эльмира Суханбердиева табыстады.

Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық олимпиаданың кезеңі Қызылорда қаласында өтуде.

Өткен жылы екі олимпиадада Назарбаев Зияткерлік мектептерінің командасы жалпы есепте 16 алтын, 22 күміс және 25 қола медальмен үздіктер қатарынан табылды.

Жалпыкомандалық нәтиже бойынша Зияткерлік мектептердің командасы елордалық құрама командасымен бірге бірінші орынды иеленді.

 



Қаралым: 201
Жарияланған: 26 Наурыз