Жаңалықтар

Тұңғыш Зияткерлік мектеп 10 – жылдық мерейтойын атап өтті


Астана қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік ашылғанына 10 — жыл. Тұңғыш Зияткерлік мектепті мерейтойымен құттықтауға бірлесе жұмыс істеп жүрген әріптестері, мектеп түлектері, педагогикалық жұмыс ардагерлері мен ата-аналар қауымы келді.

Қонақтарды кіре берісте «Zite Not» вокалды — аспаптар ансамблі ән-шашумен қарсы алып, мерекелік көңіл-күй сыйлады.

Мерейтой қарсаңында қонақтар «Таңқалдыр мені» атты оқушылардың 60 —тан астам ғылыми жобалары мен  шығармашылық жұмыстарының көрмесін тамашалай алды. Сондай-ақ, мерекеге қатысушылар назарына «Фотосуреттердегі мектеп тарихы» көрмесі, «Битва титанов» сайысы мен мектептің шығармашылық ұжымдары — халықаралық және республикалық конкурстардың жеңімпаздары: «Жігер» домбырашылар ансамблінің, фольклор және би ұжымдарының,  көлеңке театрының әртістері өнерлерін дүйім жұртқа паш етті.

Бұл күні мерекеге орай «Түлектер форумы» да өтті. 120 — дан астам түлек қоғамдағы өзекті мәселелерді талқылады, өз идеяларын ортаға салып, даму бағыттарын анықтады. Форумды «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы Басқарма төрайымының орынбасары Назипа Аюбаева құттықтау сөзімен ашты. Жиында елордалық бірінші Зияткерлік мектеп түлектеріне естелік төс белгілер табыс етілді.  

Форум аясында түлектер мен 10 — 12 сынып оқушылары мемлекеттік басқару органдары және бизнес өкілдерімен сұхбат алаңдарында кездесті. қаржы вице-министрі Руслан Енсенбаев, қоғамдық даму министрлігінің жастар ісі бойынша Комитетінің төрағасы міндетін атқарушы Асхат Оралов, сыртқы істер министрлігінің инвестициялар бойынша комитеті төрағасы Ерлан Хаиров, «Recycling Company» ЖШС бас директорының кеңесшісі Сауле Жанкулиева, дизайнер, этнолог, қоғам қайраткері Ханым Айдаш, дизайнер, суретші, этнология магистрі, еңбек сіңірген қызметкер Айжан Жүзбай да бар.

Жиыннан кейін әлеуметтік желідегі өзінің жеке парақшасында Руслан Енсенбаев: «Біздің пікірталасымыздың тақырыбы экономиканы ақпараттандыру, болашақ дағдылар мен мамандықтар жайлы болды. Қызақ сұрақтар көп болды. Түлектер әлемнің көптеген озық жоғарғы оқу орындарында оқиды, кейбірі елімізде немесе шетелде жұмыс істейді. Бұл балалар әлі Қазақстанымыздың дамуына үлкен үлес қосады!» – деп жазды.

Форумнан кейін мерейтой құрметіне арналған мерекелік концерт өтті. Педагогикалық еңбек ардагерлері мен мектептің құрылуынан бастап жұмыс істеп келе жатқан мұғалімдер мен қызметкерлер марапатталды.

 

 

 

Мереке соңында мемлекеттік қайраткер Оралбай Әбдікәрімов мектеп ұжымын мерейтоймен құттықтап, Зияткерлік мектептің түлектері мен оқушыларына ақ батасын берді.

 



Қаралым: 355
Жарияланған: 13 Қаңтар