Жаңалықтар

10 жылдық аясында


Он жылдық аясында Назарбаев Зияткерлік мектептерінің алғашқы үлкен мерейтойына дайындық жүруде.

Астанада өткен «Болашақ қаласы: елорда сәулеті» атты Наурыз кездесулерінде  онжылдықтың ресми логотипі бірінші рет халықаралық мектептің ғимаратында, туларында, баннерлері мен таратылым материалдарында пайдаланылды. Мерейтойдың эмблемасы әртүрлі түсте  3D-принтерде басып шығарылды. Ғылыми кездесуге қатысқан барлық қатысушыларға Наурыз тарту жасалып, оларға мерекелік онжылдық бейнеленген жейде берілді.

Назарбаев Зияткерлік мектептерінің Кембридждегі күндері аясында мерекелік логотип өрнектелген сыйкәделер Bottisham Village College, CAIE, CUP және Кембридж университетінің білім факультетіне берілді.

Он жылдық аясында алғаш рет ауыл мектептерін қолдауға бағытталған «Қолдайық ауыл мектебін!» атты үлкен акция өтеді.

Бүгінде барлық Зияткерлік мектептердің ғимараттары алдында Білім беру бағдарламалары орталығының дизайнерлері әзірлеген мерекелік баннерлер мен тулар орнатылып тұр.



Қаралым: 197
Жарияланған: 18 Мамыр