Жаңалықтар

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы 7 сыныптарында білім алу үшін Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасының «Өркен» білім беру грантын тағайындау жөнінде конкурс жариялайды


«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы 2018-2019 оқу жылына оқушылар контингентін қалыптастыру мақсатында Ақтөбе, Алматы, Астана, Көкшетау, Қостанай, Семей, Талдықорған, Тараз, Орал, Шымкент қалалары физика-математикалық бағыттағы және Ақтау, Алматы, Атырау, Қарағанды, Қызылорда, Павлодар, Петропавл, Өскемен, Шымкент қалалары химия-биологиялық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектептерінің және Астана қаласы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 7 сыныптарында білім алу үшін Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасының «Өркен» білім беру грантын тағайындау жөнінде конкурс жариялайды.

Құжаттарды қабылдау 2017 жылғы 27 қараша мен 2018 жылғы 20 қаңтар аралығында келесі мекен-жайлар бойынша жүргізіледі:

1)           Астана қаласы (физика-математикалық бағыттағы), №31 көше, 37 үй (Қабанбай батыр және Тұран даңғылдарының аралығында, Назарбаев Университетінің арты), телефон: 8 (7172) 55-98-03;  

2)           Астана қаласы, №31 көше, 35 үй (Қабанбай батыр және Тұран даңғылдарының аралығында, Назарбаев Университетінің арты), телефон: 8 (7172) 55-80-33;

 3)           Ақтау қаласы, 33 ықшам ауданы, 16 ғимарат, телефон: 8 (7292) 70-10-66; 

4)           Ақтөбе қаласы, Батыс-2 ықшам ауданы, 26 аймақ, телефон: 8 (7132) 70-47-80;  

5)            Алматы қаласы (физика-математикалық бағыттағы), Жамақаев көшесі, 145, Нұрлыбаева көшесінің қиылысы, телефон: 8 (727) 331-01-00; 

6)            Алматы қаласы (химия-биологиялық бағыттағы), Наурызбай ауданы, Қалқаман-2 ықшам ауданы, Елібаев көшесі, 2 үй, телефон: 8 (727) 331-01-10; 

7)           Атырау қаласы, Нұрсая ықшам ауданы, 11 көшесі, 22 ғимарат, телефон: 8 (7122) 55-85-51; 

8)           Қарағанды қаласы, Шахтерлер даңғылы, 62 үй, телефон: 8 (7212) 55-88-80; 

9)           Көкшетау қаласы, Мирзоян көшесі, 59 үй, телефон: 8 (7162) 25-31-40; 

10)      Қостанай қаласы, Гагарин көшесі, 239 үй, телефон: 8 (7142) 99-97-47; 

11)      Қызылорда қаласы, Сұлтан Бейбарыс көшесі, 8, телефон: 8 (7242) 55-11-51; 

12)      Павлодар қаласы, Ткачев көшесі, 16/2 үй, телефон: 8 (7182) 70-47-40; 

13)      Петропавл қаласы, Ыбраев көшесі, 22А үй, телефон: 8 (7152) 55-97-22, 55-97-28; 

14)      Семей қаласы, Қарағайлы ықшам ауданы, 1, телефон: 8 (7222) 63-63-50; 

15)      Талдықорған қаласы, Каратал ықшам ауданы, 47 үй, телефон: 8 (7282) 21-98-61, 21-98-63; 

16)      Тараз қаласы, Арай массиві, Домалақ ана көшесі, 266 үй, телефон: 8 (7262) 99-98-55; 

17)      Өскемен қаласы, Сәтпаев даңғылы, 53 үй, телефон: 8 (7232) 56-01-25; 

18)      Орал қаласы, Московская көшесі, 16 үй, телефон: 8 (7112) 22-27-04; 

19)      Шымкент қаласы (физика-математикалық бағыттағы), Ақжайық ықшам ауданы, Элитный қалашығы, 6 ғимарат, телефон: 8 (7252) 29-44-88; 

20)      Шымкент қаласы (химия-биологиялық бағыттағы), Нұрсәт ықшам ауданы, 1А үй, телефон: 8 (7252) 42-51-70. 

Тестілеу 2018 жылғы 3-4 наурыз күндері өтеді. Толық ақпаратты www.nis.edu.kz веб-сайтының «Үміткерлерге» бөлімінен алуға болады.

 

 

               

 

 

 

 



Қаралым: 3056
Жарияланған: 30 Мамыр