Жаңалықтар

ҚР Білім және ғылым министрі Б.Жұмағұлов: «Озат экономиканы озық ойлы адамдар құруы тиіс»


 

4 сәуірде Астанада Қазақстанның жалпы білім беретін мектептерінің 250-ден астам мұғалімі Астана қаласы физика-математика бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде ҚР Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұловтың қатысуымен өткен біліктілік арттыру курсының ашылу салтанатына қатысты. Курс бағдарламасын қазақстандық Педагогикалық шеберлік орталығы және Кембридж университетінің білім беру факультеті мамандары бірлесіп әзірлеген болатын. Бұл істе отандық білім берудің құнды дәстүрлері мен үздік халықаралық тәжірибе де ескерілді.

Біліктілікті арттыру бойынша курстар Астанамен қатар Орал, Семей, Өскемен, Павлодар, Тараз, Шымкент,  Ақтөбе, Көкшетау және Талдықорған қалаларында  да бір мезгілде басталды. Тікелей трансляцияны Бақытжан Жұмағұлов ашты. Білім және ғылым министрлігінің басшысы мемлекеттің зияткер ұлтқа үміт артып  отырғандығын атап өтті. Сондықтан біздің балаларымыздың  сапалы білім алғаны керек. Озат экономиканы озық ойлы адамдар қалыптастыруы тиіс және ондай адамдардың тәрбиеленуінде педагогтың рөлі теңдессіз болып табылады. «Мұндай курстар Қазақстанда тұңғыш рет өткізіліп отыр», - деді министр. «2012 жылы Назарбаев Зияткерлік мектептерінің  базасында 1000 педагогты, өзге орталықтарда 6000 - ға дейін мұғалімдерді дайындау көзделуде. Жалпы бес жыл ішінде, Педагогикалық шеберлік орталығы мен Кембридж университетінің жаңа  бағдарламасы бойынша 120 мың қазақстандық мұғалім қайта даярланатын болады», - деді министр.

 

        

Оқу бағдарламасы үш сатыдан тұрады, олардың бірінші және үшінші сатылары «аудиториялық» болса, екінші  сатысы - «қашықтықтан» өтеді. Әрбір саты бір айға созылмақ, бірінші және соңғы сатыларда оқыту ПШО аудиторияларында өткізіледі, ал екінші сатыда он-лайн режимде мұғалімдер алған білімдерін тәжірибеде қолданып көрмек. Үш саты дегеніміз – бұл үш деңгей. Мұғалімнің алған деңгейіне байланысты еңбекақысына да үстеме қосылмақ. Нақтырақ айтсақ, үшінші деңгейден өту еңбекақыны 30%-ға, екінші деңгейден өту 70%-ға және бірінші деңгейден өту 100 %-ға өсіруге мүмкіндік береді. «Деңгейлер мұғалімнің біліктілік жөніндегі мінездемесі», - деп түсіндірді «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының Басқарма Төрайымы Күләш Шәмшидинова. «Үшінші деңгей - бұл жалпы білім беретін сыныпта жұмыс істейтін, шағын зерттеу өткізетін және тәрбиеші ретінде танылатын мұғалім, екінші деңгей - бұл педагог-зерттеуші, бірінші деңгей - бұл бағдарламалар дайындайтын, зерттеулер жүргізетін сарапшы, сонымен бірге ол түрлі білім беру бағдарламаларына сарапшы ретінде де қатыса алады», - деп атап өтті Күләш Шәмшидинова. Педагогикалық шеберлік орталығында 4 сәуірде басталған Біліктілікті арттыру  курстарында 30 адамдық 8 топ оқуды бастады. Әрбір топпен тренер  жұмыс істеуде. Күні бүгінге дейін 286 тренер әзірленген. Олардың негізгі функциясы - жалпы білім беретін мектептердің  мұғалімдеріне өздері осынған ұқсас курстарда алған оқытудағы жаңа тәсілдер мен білімдерін үйрету болып табылады.             

          

         

                      
Курстар тренері Олег Бояркин мұғалімнің  өз оқушыларының тең дәрежедегі әріптесі екендігін айтады, мұғалім сабақта жетекші болып табылады. Яғни ол ақпаратты дайын күйінде бермейді, керісінше оқушыға оны өзі тауып, өңдеп, саралап және өзгелермен бөлісуіне мүмкіндік жасайды. Осылайша, тренердің міндеті - мұғалім оқушылардың жәрдемшісі және үйлестірушісі болып табылатын сабақтағы жаңашылдықта мұғалімнің  өз рөлінің қандай болатындығын үйрету. Біліктілікті арттыру курстарының бағдарламасы жеті модульден құралған, олардың ішінде сыни тұрғыда ойлауды дамыту, оқытудағы жаңа тәсілдер, білім беру жүйесіндегі ақпараттық технология, дарынды балалармен жұмыс, басқарудағы менеджмент бар. Тәсілдердің өзіндік форматы да қызықты, онда мұғалімдер өзі үйрететін пәннен тәуелсіз, шағын топтермен жұмыс істеп, бірлесе отырып алға қойылған міндеттерді шешеді. 

 

          

Атап өтетін бір жайт беделі жоғары  британдық оқу орнының сарапшылары Назарбаев Зияткерлік  мектептері үшін интеграцияланған білім беру бағдарламасын әзірлеуге қатысты. Кембридж университеті тұмандағы Албиондағы Оксфордтан кейінгі ең көне университеттердің бірі. Сонымен бірге ол әлемдегі ең танымал университеттердің бірі саналады және «Рассел» элиталы тобының мүшесі. «Рассел» тобы - бұл Ұлыбританияның  жиырма  үздік университеттерінің  өзара іс-әрекетінің элиталық тобы.  «Біз университеттің  осы курстарды өткізуге келісім бергеніне қуаныштымыз», - деп атап өтті Педагогикалық шеберлік орталығы директорының орныбасары Бақты Балғымбаева. «Біз бағдарламаның табысты болатындығына сенімдіміз, өйткені онда  алдыңғы қатарлы  халықаралық  тәжірибе мен үздік қазақстандық дәстүр түйіседі», - дейді ол.

ПШО деректері бойынша курстар кезінде әрбір мұғалімнің тұратын орыны, тағамы, жүріп-тұруы және  әдістемелік  материалдарға  шектеусіз қол жеткізу мүмкіндігі қамтамасыз етіледі.  



Қаралым: 4663
Жарияланған: 10 Сәуір