Жаңалықтар

Қазақстанда PISA-2012 Халықаралық зерттеуі басталды


 

2012 жылы Қазақстанда білім алушылардың білім жетістігіне Халықаралық бағалау жүргізетін PISA  (Programme for International Student Assessment) зерттеуі басталды. Сәуір айында қазақстандық 15 жастағы білім алушылар PISA-2012 халықаралық салыстырмалы зерттеуіне қатысады.

Елбасы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына арнаған биылғы Жолдауында Үкіметке оқушылардың сауаттылығын арттыру бойынша 2012-2016 жылдарға арналған Ұлттық іс-қимыл жоспарын әзірлеуді тапсырған болатын. Бұл ретте  қазақстандық оқушылардың білім жетістіктерін тәуелсіз бағалау мониторингіне және   Халықаралық салыстырмалы зерттеуіне қатысуы осы бағыттағы нық қадамдардың бірі болып табылады.

 

 

 
PISA-2012 Халықаралық зерттеуіне Қазақстаннның 218 білім беру ұйымдарынан 5000 аса білім алушылар қатысады. PISA - Халықаралық зерттеуінің мақсаты - 15 жастағы білім алушылардың математикалық, жаратылыстану және оқу сауаттылығын бағалау.Зерттеудің негізі мектептің бағдарламасын меңгеру ғана емес,жеке тұлғаның дамуындағы білімін, танымын  шыңдау,әртүрлі өмірлік жағдайларда  шешім қабылдай алатын  қабілеттерін  дамытуға бағыттау.


Зерттеу кезінде білім алушылардың білім жетістігімен қатар, бағдарламаға қатысатын елдердің ерекшеліктерін анықтауға мүмкіндік беретін факторлар қарастырылады.Бұл жиынтық сұрақтар арқылы оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастырудан бастап,  отбасында  баланың дамуына қажетті жағдай жасауға кешенді баға беру.


Оқушылардың білім жетістіктерін бағалау бойынша PISA Халықаралық бағдарламасын (Programme for International Student Assessment) Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (OECD – Organisation for Economic Cooperation and Development) үйлестіреді. Қазақстан Республикасы Білім ғылым министірлігі Ұлттық білім беру статистикасы және бағалау орталығы зерттеудің Қазақстандағы Ұлттық үйлестірушісі болып табылады.

 

ҚР БҒМ Баспасөз - қызметінің хабарламасынан

 



Қаралым: 4981
Жарияланған: 03 Сәуір