Жаңалықтар

БАСПАСӨЗ-ПАРАҒЫ. 04 сәуірде жалпы білім беретін мектептері педагогтерінің біліктілігін арттыру курстары жұмысын бастайды



«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы Кембридж университеті білім беру факультеті сарапшыларының қатысуымен Қазақстан Республикасы жалпы білім беретін мектептері педагогтерінің біліктілігін арттыру курстары бағдарламасын іске асыру аясында «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ, Ақтөбе, Павлодар, Тараз, Шымкент қалаларындағы педагогикалық институттар жанындағы өңірлік орталықтар, «Өрлеу» біліктілікті арттырудың ұлттық орталығы» АҚ, өңірлік біліктілікті арттыру институттары, колледждердің қызметкерлері есебінен 286 тренерді даярлауды аяқтады.


Бұл тренерлер «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ мен Кембридж университетінің Халықаралық емтихан кеңесі арасында жасалған келісім шеңберінде Кембридж университеті білім беру факультетімен бірлесіп әзірленген 3 негізгі деңгейдегі арнайы 3 айлық бағдарлама бойынша Қазақстан Республикасы жалпы білім беретін мектептерінің 3000-нан астам мұғалімін оқытуды бастайды. Сабақтарды шағын топтарда (25-30 адам) «face to face» («бетпе-бет») аудиториялық оқыту және қашықтықтан оқыту (онлайн режімде) түрінде өткізу көзделген. «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы тыңдаушыларды қажетті материалдармен: қазақ және орыс тілдеріндегі «Мұғалімге арналған нұсқаулық», «Курсалды тапсырмаларды орындауға арналған нұсқаулық», «Қашықтықтан оқыту кезеңінде мектепте орындауға арналған тапсырмалармен» қамтамасыз етеді.

 

Мұғалімдерге арналған үшінші (негізгі) деңгейдегі бағдарламаның мақсаты:
- оқытудың тәжірибелік дағдыларын дамыту; оқытудағы әдістемелік-дидактикалық тәсілдер қатарын кеңейту; сабақты жоспарлау саласындағы құзыреттілікті жақсарту;
- этикалық және моральдық нормалар, мұғалім кәсібінің құндылығы туралы білімді кеңейту.

 

Курстың басым бағыттары 7 модульмен белгіленген:
• оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер;
• сыни тұрғыдан ойлауға оқыту;
• оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау;
• оқытуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану;
• талантты және дарынды балаларды оқыту;
• оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу;
• оқытудағы басқару және көшбасшылық.


Курс өтетін орын: Педагогикалық шеберлік орталығы, Педагогикалық шеберлік орталығының Көкшетау, Семей, Талдықорған, Өскемен, Орал қалаларындағы филиалдары, Ақтөбе, Павлодар, Тараз, Шымкент қ.қ. Мемлекеттік педагогикалық институттар жанындағы өңірлік орталықтар, «Өрлеу» біліктілікті арттырудың ұлттық орталығы» АҚ және өңірлік біліктілікті арттыру институттары.


Курстың басталуы: 2012 жылғы 4 сәуір.
Қосымша ақпарат Педагогикалық шеберлік орталығының www.cpm.kz сайтында орналасқан.



Қаралым: 6882
Жарияланған: 30 Наурыз