Жаңалықтар

341 оқушы Тұңғыш Президенттің «Өркен» білім беру грантының иегерлері болды


 

2012 жылғы 26 қаңтарда министр Бақытжан Жұмағұловтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінде Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасының «Өркен» білім беру грантын тағайындау жөніндегі республикалық комиссия отырысы өткізілді.


Республикалық комиссия Орал қаласындағы физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 7-9 сыныптарында білім алатын оқушыларды іріктеу конкурсының нәтижелерін қарастырды. Орал қаласындағы физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебіне құжат қабылдау мен конкурстық іріктеу 2011 жылғы 12 қыркүйек пен 27 қазан аралығында жүргізілді. Оқушыларды қабылдау қазақ және орыс тілдерінде білім беретін 7, 8, 9 сыныптарға жүзеге асырылды. Тұңғыш Президенттің «Өркен» грантын тағайындау конкурсына қатысу үшін 2634 үміткер құжат тапсырды. Тиісті шектеулі балды 336 үміткер алды, оның ішінде 100 астамы ауыл мектептерінің оқушылары. Комиссия мүшелерінің қарауына 341 үміткердің материалдары ұсынылды, олардың 336-сы Батыс-Қазақстан облысының 7-9 сыныптарының оқушылары, қалған 5-еуі Көкшетау, Талдықорған, Өскемен қалаларындағы Назарбаев Зияткерлік мектептерінің резервтік тізіміндегі үміткерлер.


Республикалық комиссияның шешімі бойынша 341 оқушы білім беру грантының иегерлері болды.
Бүгінгі таңда Орал қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің құрылыстық жұмыстары мен құрал-жабдықтарын орнатудың аяқталу кезеңі жүргізіліп жатыр. Оқу мемлекеттік комиссияның объектіні қабылдауынан кейін басталады. Оқудың басталуы туралы грант иелері қосымша ақпараттандырылады.

 

Грант иегерлерінің тізімін осы жерде қарай аласыздар



Қаралым: 5482
Жарияланған: 02 Ақпан