Жаңалықтар

БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗІ. Кембридж Университетінің мамандары қазақстандық мұғалімдерге арнайы Тренерлік курстарын өткізеді


 

Белгілі бір білім беру қызметтерін көрсету туралы «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ және Кембридж университетінің Халықаралық емтихан кеңесі арасындағы келісімге сәйкес «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы Кембридж университеті қызметкерлерінің қатысуымен Қазақстан Республикасы жалпы білім беретін мектептері педагогтерінің біліктілігін арттыру курстарының бағдарламасын (бұдан әрі – Бағдарлама) іске асыру аясында ағымдағы жылғы 23 қаңтардан 4 ақпанға дейін тренерлерді даярлау жөніндегі курстардың (бұдан әрі – Тренерлік курстар) 1-кезеңін ұйымдастырады, кейіннен бұл тренерлер өз тәжірибесін республиканың білім беретін мектептерінің мұғалімдеріне беретін болады.
Сабақтарды шағын топтарда (25-30 адам) «face to face» («бетпе-бет») аудиториялық оқыту түрінде өткізу көзделген.


Тренерлік курстардың 1-кезеңі аяқталған соң тыңдаушылар 1 ай бойы қашықтықтан (онлайн режімде) оқытылатын болады, содан кейін а.ж. 5 наурыздан бастап Педагогикалық шеберлік орталығында аудиториялық режімде оқу басталады.
Тренерлік курстар бағдарламасының мазмұны мынадай мәселелерді кешенді қарастыруды көздейді:
- білім берудегі жаңа тәсілдер;
- сыни ойлауға үйрету;
- оқуды және оқу нәтижелерін сыни бағалау;
- оқу тәсілдерін жетілдіру үшін оқытуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды және сандық жүйелерді пайдалану;
- дарынды және талантты балалармен жұмыс жүргізу;
- оқушылардың нақты жас топтарында оқытудың психологиялық-педагогикалық ерекшеліктері;
- 12 жылдық оқуға көшу жағдайында орта білімдегі басқару және көшбасшылық.

 

Курстың 300 тыңдаушыларының қатарында Білім беру жүйесінің басшы және ғылыми-педагогикалық кадрлар біліктілігін арттыратын республикалық институттың, облыстық, Астана мен Алматы қалаларының білім беру қызметкерлерінің біліктілігін арттыру институттарының, республиканың педагогикалық кадрларды даярлаумен айналысатын жоғары оқу орындары мен колледждерінің қызметкерлері, Назарбаев Зияткерлік мектептерінің мұғалімдері, Педагогикалық шеберлік орталығының қызметкерлері бар. Тренерлік курстар туралы қосымша ақпарат Педагогикалық шеберлік орталығының www.cpm.kz сайтында орналасқан.



Қаралым: 5268
Жарияланған: 21 Қаңтар