Жаңалықтар

Назарбаев Зияткерлік мектептері үшін мұғалім тренерлер және бағалаушылар


 

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ-ы Кембридж университетімен бірге «Бағалау үлгісін құру және Педагогикалық шеберлік орталығының тренерін сертификациялау» атты үйренуші семинар 12 және 14 желтоқсан аралығында өткізді. 

Педагогикалық шеберлік орталығына мұғалім тренерлерді дайындау жобасы 2012 жылдың қаңтар айынан бастап іске асырылады. Тренерлердің қызмет тиімділігін бағалауда, бағалау үлгісіне сәйкес бағалаушылар тобы дайындалады. Бағалау үлгісін құру атты семинарға Кембридж университетінің Білім факультеті бастығының көмекшісі, Кембридж халықаралық емтихан Кеңесінің өкілі, Пол Бидл, Кембридж халықаралық емтихан Кеңесінің аға кеңесшісі, Реймонд Итон, Педагогикалық шеберлік орталығы, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ-ның Білім  сапасын бағалау  және Адам ресурстарын дамыту департаменттерінің қызметкерлері қатысты.

Бағалау моделін құру үрдісінде мұғалім тренердің дағды және құндылық тиімділігі талқыланып, соның негізінде тренер жұмысының тиімділік критериі шығарылды.  Өзін – өзі бағалау тәсілі ретінде рефлексияға маңызды көңіл бөлінді. Семинарға қатысушылар, өзінің және әріптестерінің қызметін бағалады. Бұл тренер жұмысын бағалау стандартын шығаруда табысты жұмысқа мүмкiндiк туғызды. Семинар шеңберінде бағалаушылар үшін тренер жұмысын сараптауда қолданалатын Нұсқаудың негізгі аспектері талқыланды.   

2012 жылдың қаңтар айынан бастап тренерлер, наурыз айында бағалаушылар үшін үйрету семинары басталады. Оқытуды Кембридж университетінің өкілдері өткізеді.

 

                                            


 



Қаралым: 5063
Жарияланған: 04 Қаңтар