Жаңалықтар

Назарбаев Зияткерлік мектептерінде конкурстық іріктеудің жаңа жүйесі әзірленеді


 

Назарбаев Зияткерлік мектептерінде оқушылар үшін конкурстық іріктеудің жаңа жүйесі енгізіледі. Бұл оқушыларды Зияткерлік мектептерге қабылдауда әділдікті жоғарлату мақсатында жасалынады. Осы жүйе «Назарбаев Зияткерлік Мектептері» ДББҰ-ның стратегиялық әрiптесi Нидерланды, Cito Педагогикалық өлшемдер институтымен бірге әзірленеді.


Енді, байқау  4  пәннен тестілеу: математика, қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілінен бір кезеңде жүзеге асырылатын болады. Математика пәнінен сұрақтар саны көбейтілді. Жасалынған тесттер оқушылардың тек білімін бағалауға ғана емес, және білімді қолдана алуына да бағытталған. Тестілеудің жаңа жүйесі Зияткерлік мектептерде табысты оқып,  жаратылыс-математика ғылымдарын үйренуде қабілеті бар оқушыларды табуға мүмкіндік береді.


Тест әзірлеу үшін 2011 жылдың 5  және 8 желтоқсан аралығында Зияткерлік мектептерінің мұғалімдері үшін үйренуші семинар өтті. Ол Хенк Муландс, Cito Халықаралық қатынас департаментының директоры, Рууд Столвийк, Cito математика саласының сараптамашысы, Аннеке де Грааф и Юдит Влудгравен сарапшы-тіл мамандары, және де қазақ, орыс, ағылшын тілдері мұғалімдері, Білім  сапасын бағалау департаменті қызметкерлерінің  қатысуымен өтті. Семинар шеңберінде Хенк Муландс, тестілеуге мақсат қою маңыздылы, тест дайындауда оқушының алған білімді қолдана алуын бағалау  бағытында, сұрақтардың күрделену деңгейлері, тест және оқу бағдарлама байланысының  маңыздылығы туралы айтты. Секциялық жұмыста пән мұғалімдері конкурстық іріктеудің жаңа жүйесіндегі бағалау мақсаттарын анықтап, тесттің спецификациясын және технологиялық матрицасын құрып, тапсырма дайындауға кірісті. Екі ай бойы мұғалімдер жаңа тест дайындаумен шұғылданады. Әзірленген тесттер Сито халықаралық сарапшыларынан сараптан өтіп, келесі семинарда, сәуір айында әзірлеушілермен бірге талқыланады.


Қазіргі кезде жұмыс істеп жатқан алты Назарбаев Зияткерлік мектептерге 7 сыныпқа түсушілер үшін 2012 жылы конкурстық іріктеудің жаңа үрдісі қолданып тәжірибе өткізу жоспарланған.

 

 



Қаралым: 4734
Жарияланған: 29 Желтоқсан