Жаңалықтар

Сингапурда Зияткерлік мектеп кітапханашылары біліктілікті арттыру курсынан өтті


 

2011 жылдың 6-16 желтоқсан  аралығында Сингапурда Зияткерлік мектеп кітапханашылары біліктілікті арттыру курсынан өтті. Курс барысында кітапхана жүйесінің тарихы, 21 ғасыр кітапханашыларына қойылатын талаптар, оқырмандардың қажеттіліктерін таба білу,  оқушылармен жоба жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыру мәселелері қарастырылды.  


Әсіресе, WEB 2.0 интернет платформасын мектеп кітапханасында қолдану мүмкіндіктері, әлеуметтік желідегі кітапханашылар блогын құру, кітапханалардағы электронды бақылау жүйесі туралы жаңа ақпарат жаңашылдығымен ерекшеленді.


Теориялық білімді тәжірибемен ұштастыру мақсатында  Сингапурдың алдыңғы қатарлы 9 кітапханасы және Ұлттық мұрағаттың тәжірибе жұмыстарымен таныстық. Барлық кітапханаларға тән ортақ артықшылықтар: сапалы қызмет көрсету жүйесі, кітапханалардың ішкі және сыртқы безендірілуі, электронды бақылау жүйесі (SPYDAS, PYXIS, RFID), медиафонд, студенттерді кітапханаға тарту шаралары. Курс аясында мектеп кітапханашылары өз білімдерін жетілдіріп, мол тәжірибе жинақтады. Курс соңында  қатысушыларға  сертификаттар тапсырылды.


Курстан алған мол тәжірибе Зияткерлік мектептеріміздің кітапхана жүйесін жетілдіруге ықпал етері сөзсіз. 

 

           
 
 



Қаралым: 5933
Жарияланған: 26 Желтоқсан